Вернуться к списку статей

Қазақстан U-16 құрамасы ұтып, “Крузейро” күйрей ұтылды

Футбол
2K
Жасөспірімдер арасындағы «Қазақстан Президенті кубогы» халықаралық турнирі. Фото: kff.kz
Шымкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы «Қазақстан Президенті кубогы» халықаралық турнирі көмбесіне жетіп қалды.

Кеше топтық ойындар тәмәмдалып, соңғы ойындары өтті. Қазақстан U-16 құрамасы Албания жеткіншектерін 1:0 есебімен ұтты. Жалқы голды Еркебұлан Сейідахмет соқты. Бұл – Александр Кузнецов жаттықтыратын өрендеріміздің үшінші жеңісі. Яғни «А»тобында барлық қарсыластарын ұтып, бірінгші орынға ие болды.

Осы топта додаға түскен «Крузейро-Қазақстан» командасы, Бразилиядағы футбол мектебінде оқып жүрген өрендеріміз Қырғызстан U-16 құрамасынан ойсырай ұтылды. Есеп – 0:5. Әрі соңғы орынға табан тіреді.

«В» тобында Тәжікстан бозбалалары топ жарды. Олар кеше Иран жеткіншектерінен басым түсті. Әзірбайжан жасөспірімдері ресейлік команданы ойсырата жеңді.

«В» тобы:

Тәжікстан – Иран – 2:1

Әзірбайжан – Ресей (Краснодар) – 12:1

«А» тобы:

Қырғызстан – Крузейро-Қазақстан – 5:0

Қазақстан – Албания – 1:0

Гол: Сейідахмет, 30.

Үш турдан кейінгі турнир кестесі:



Бүгінгі финалдық ойындар:

7-орын үшін: Крузейро-Қазақстан – Ресей (Краснодар)

5-орын үшін: Қырғызстан – Әзірбайжан

3-орын үшін: Албания – Иран

1-орын үшін: Қазақстан – Тәжікстан

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика