Вернуться к списку статей

Өзбектерден бірінші болып гол жіберуді әдетке айналдырып барамыз

Футбол
1K
Қазақстан - Өзбекстан 4:2
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан аяқдобшыларымен екінші рет жолдастық кездесу өткізіп, тағы да жеңіске жетті. Бірақ бұл жолы таблода бір күн бұрынғыдай 6:1 есебі емес, 4:2 нәтижесі тіркелді.

Өзбектерден бірінші болып гол жіберуді әдетке айналдырып бара жатқандаймыз ба, қалай өзі?.. Бірінші матчта да бірінші болып гол жіберіп, артынша алты тура соққымен жауап қайтарған едік. Кеше де ойынның алғашқы бөлігін қонақтардың еншісіне қалдырдық.

Қазақстан – Өзбекстан 4:2 (1:2)

Голдар: Юнусов 3 (0:1), Ирсалиев 4 (0:2), Эвертон 18 (1:2), Леон 26-пен. (2:2), Жаманқұлов 37 (3:2), Дуглас 40 (4:2).

Қазақстан: Шамро, Игита, Гуров — Кнауб, Гребонос, Жаманқұлов, Лео, Пенгрин, Сүлейменов (к), Довгань, Першин, Мун, Таку, Рындин, Нұрғожин, Дуглас, Эвертон

Өзбекстан: Умаров, Хазратқулов — Аноров, Абдумавлянов, Юнусов (к), Чориев, Свиридов, Рахматов, Шлёма, Фахриддинов, Шәрипов, Ирсалиев, Адилов, Элибоев, Абдуззанов

Төрешілер: Валяев, Бурмистров (екеуі де – Алматы)

10 тамыз. Алматы. «Зенит» СК. 

Матчты жерлестеріміз өте нашар бастады. Екінші төртінші минутта-ақ қақпамызда екі доп тулап жатты. Матч басында қақпамызды Григорий Шамро қорғаған. Үшінші минутта Артур Юнусов есеп ашса, бір минут өтер-өтпестен Дильшод Ирсалиев екінші допты соқты. Тек бірінші таймның соңына таман ғана Какау шәкірттері намысқа тырысып, күні кеше ғана «қазақ» атанған бразилиялық Эвертон таблодағы көрсеткішті қысқартты.

Екінші таймды да екі жақ қарқынды бастады. Өзбектерің де біздің ойынға үйренісіп қалған сияқты. Қақпашымыз Игитаны әбден терлетті. Бірақ 26-минутта Лео пенальтиден таразы басын теңестірсе, 37-минутта Серік Жаманқұлов жерлестерімізді алға шығарып, ойынның соңғы секундтарында Дуглас матчты қорытындылады.

Енді жерлестеріміз тамыз айының екінші жартысында Тайландта өтетін халықаралық турнирге қатысып, Иран, Жапония және Таиланд құрамаларымен кездеседі. Ал одан кейін дайындығымызды 4 қыркүйек күні Колумбияда Аустралия құрамасымен пысықтап, әлем чемпионатына кірісеміз.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика