Вернуться к списку статей

Лионель Месси – "Барселона" "Селтикке" "Астананы" жеңуге көмектеседі

Футбол
2K
Барселона - Селтик
«Астанамен» болатын ойынның қарсаңында Шотландияның «Селтик» футбол клубы бүгін Испанияның «Барселонасымен» кездеседі.

Ойын Ирландия елордасы Дублинде Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Бұл Чемпиондардың халықаралық кубогы турнирінің аясындағы жолдастық кездесу.

Матч алдында журналистерге сұхбат берген «Барселонаның» басты жұлдызы Лионель Месси журналистерге сұхбат беріп, «Селтикке» ұлы клуб деп баға беріпті.

– Қазір шотландиялықтарды «Барселонадан» да басқа маңызды ойындар күтіп тұр. Бұл Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы матч. Бірақ, бүгінгі ойын «Селтикке» алдағы қарсыласын жеңуге үлкен көмек болады. Біз кельттермен бұған дейін де ойнағанбыз. Оның бәрін ешқашан ұмытпай, әрдайым есімде сақтаймын. «Селтик» – жанкешті жанкүйерлерге бай, ұлы клуб. Мен оларды биыл Чемпиондар лигасының топтық кезеңінен көргім келеді. Олар соған лайық, - деді Лионель Месси.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның елордасында өткен «Астана» – «Селтик» кездесуінде есепті алаң иелері ашып, гол соғатын көптеген мүмкіндіктерге ие болғанымен үзілістен кейін шотландиялықтар таразы басын теңестіріп кеткен болатын. Енді жауапты кездесу 3 тамыз күні Глазгода өтеді. Астана уақытымен 3-інен 4-іне қараған түні сағат 00:45-те басталатын бұл матчты «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирден ұсынбақ. 

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика