Вернуться к списку статей

Бірінші лига: Жеңіске жеткен командалар ғана гол соқты

Футбол
1K
«Шахтёр-Болат» – «Каспий» – 0:2. Фото: shahter.kz
Ел чемпионатының бірінші лигасында ХVІ-турдың ойындары өтіп, бес ойында да жеңіске жектен команда ғана гол соқты.

Қызылорданың екі командасы арасындағы матчта «Қайсар» ірі есеппен жеңіске жетті. Қоржынына үш ұпай салып, көш басында басты бәсекелестерінен қара үзді. «Байқоңырдың» бір гол соғуға да шама-шарқы жетпеді.

«Қызыл-Жар» Петропавлда «Екібастұзды» 2:0 есебімен ұтып, «Қайсардың» ізіне түсіп келеді. Ал «Екібастұзға» алғашқ алтылыққа ілігу үшін енді ұтыла бермеу керек.

«Каспий» түзде Теміртау “металлургтерінің” қақпасына жауапсыз екі гол соғып, үшінші орында қалды. Бірақ «Мақтаарал» да қалысар емес. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Атакент командасы да түзде көш соңындағы аутсайдерден басым түсіп, ақтаулықтармен үзеңгі қағыстырып келеді.

Қазақстан футбол федерациясының немесе Кәсіпқой футбол лигасының шешімімен тоғыз ұпайынан айырылған «Алтай» көш басында емес, оның ортан белінде алғашқы алтылыққа ілігу үшін жанын салып жүр. Бұл турда осы мақсатағы басты бәсекелесімен, яғни «Қыран» командасымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Әрі 5-орынға көтерілді.  

ХVІ-тур, 23 шілде

«Қайсар» – «Байқоңыр» – 3:0
Голдар: Молтүсінов, 40. Марушко, 50. Алтынбеков, 79.

«Қызыл-Жар СК» – «Екібастұз» – 2:0
Голдар: Гунченко, 38. Гридин, 40.

«Шахтёр-Болат» – «Каспий» – 0:2
Голдар: Сердюков, 68. Мусса, 70-пенальтиден.

«Бәйтерек» – «Мақтаарал» – 0:2
Голдар: Абутов, 7. Абутов, 41.

«Алтай» – «Қыран» – 2:0
Голдар: Шакин, 3. Шакин, 23.


«Алтай» командасының үш ұпайы шегеріліп тасталған

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика