Вернуться к списку статей

Бақтияр Байсейітов "Ордабасы" жанкүйерлерімен кездесті (видео)

Футбол
2K
Бақтияр Байсейітовтің

«Ордабасы» футбол клубының жанкүйерлері тағы да Бақтияр Байсейітовтің командадан кетуін талап етті.

«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Бақтияр Байсейітов жанкүйерлермен кездесіп, даулы жиналыста командаға байланысты біраз сұрақтарға жауап берді.

Бақтияр Даниярұлы жазғы трансферлік кезеңде неліктен Азат Нұрғалиевтің «Астанаға», Гафуржан Сүйімбаевтың «Қайратқа» кеткенін айтып берді.

– Азат маған келіп, «Бақтияр Даниярұлы жасым 30-ға келді. Енді Чемпиондар лигасында ойнағым келеді. Мені «Астанаға» жіберсеңіз» деп сұрады. Қинап ұстап қала алмаймын ғой. Одан не пайда? Жібермей қойсам, ертең «Ордабасы» үшін қалай ойнайтынын кім біледі. Ал Гафуржанның «Ордабасымен» келісімшартының аяқталуына төрт-ақ ай қалған екен. «Қайрат» бізге «егер қазір сатпасаңыздар, ертең тегін аламыз» деді. Жіберуге тура келді, - деді Байсейітов.

Дегенмен, жанкүйерлер бас бапкердің жауаптарына қанағаттанған жоқ. Ойыншылардың ойнамай жүргенін айтып, трансферлік науқанда жөні түзу футболшы алынбағанын алға тартты. Тіпті, Байсейітовтің командадан кетуін де талап еткендер болды.

Жанкүйерлермен кездесудің бейненұсқасы:


Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика