Вернуться к списку статей

Қазақстан футзалшылары әлем чемпионаты қарсаңында Таиландта сынға түседі

Футбол
2K
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына барады. Фото: uefa.com
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Колумбияда өтетін ХІІІ әлем чемпионаты қарсаңында Таиланд жеріндегі халықаралық турнирге қатысады.

«Қайрат» футзал клубының ресми сайты Қазақстан ұлттық құрамасының Таиландта жалауы желбірейтін халықаралық турнирге қатысатындығын жариялады.

Аталмыш турнир 20-23 тамыз аралығында «Бангкок-Арена» спорттық кешенінде өтеді екен. Оған төрт елдің ұлттық құрамасы қатысады. Олар – Қазақстан, Иран, Жапония және Таиланд.

Ойындар кестесі:

20 тамыз

Таиланд – Жапония

Иран – Қазақстан

21 тамыз

Таиланд – Иран

Жапония – Қазақстан

23 тамыз

Таиланд – Қазақстан

Иран – Жапония

Бір қызығы, осы төрт құраманың үшеуі, яғни Жапония жігіттерінен басқасы, 10 қыркүйектен 1 қазанға дейін Колумбияда өтетін ХІІІ әлем чемпионатына қатысады. Бірақ үшеуі – әр топта.

Естеріңізе сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Аргентина, Коста-Рика және Соломон аралдары футзалшыларымен «Е» тобына түскен. Бас бапкеріміз, Бразилия маманы Какау әлем чемпионатына дайындалатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялап та қойған.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика