Вернуться к списку статей

Қазақ додасындағы ең қымбат ойыншының бағасы – үш миллион еуро

Футбол
1K
Герсон Асеведо (ортада) – Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат ойыншы. Фото: fckairat.kz
Немістің transfermarkt.de сайтының деректеріне сүйенсек, Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат ойыншының бағасы үш миллион еуро екен.

Бұл – Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат ойыншы бағасының өскені. Бұған дейін ең жоғарғы “бағамыз” екі миллион еуро болатын. Биылғы жазғы трансфер кезінде бұл көрсеткіш өсті.

Атап айтқанда, бұған дейін ең қымбат ойыншымыз Неманья Максимович (2 млн еуро) болса, дәл қазір Герсон Асеведо (3 млн еуро) екен. Ал Қазақстан футболшыларының ішіндегі қымбаты – Бауыржан Исламхан мен Дмитрий Шомко (екеуі де – 1 млн еуро).

Енді transfermarkt.de сайтының деректері бойынша Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат ойыншылардың тізіміне сүзіп шығуларыңызға болады:



Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика