Вернуться к списку статей

“Қайратқа” қажет болмай қалған қорғаушы Ресей премьер-лигасына барды

Футбол
2K
Максим Федин енді
Алматының «Қайратына» керек болмай қалған словак қорғаушысы Лукаш Тесакты Ресейдің «Арсенал» клубына барды.

Алдағы жаңа маусымда Ресей премьер-лигасында ойнайтын Туланың «Арсенал» клубы Лукаш Тесактың команда сапына қайта оралғанын мәлімдеді. Әрі алғашқы жаттығу жұмысын өткізіп те үлгеріпті. Бұл ақапарат аталған клубтың ресми сайтында жарық көрді.


Фото: arsenaltula.ru

Тесак 2014-2015 жылдары «Арсенал» сапында ойнаған. Екі жылдың ішінде «қызыл-сары» жейделіліер сапында 42 ойын өткізіпті (оның 23-ін Ресей премьер-лигасында). Осы ретте айта кетейік, 2013 жылдан бері Тула клубы көрші елдің премьер-лигасы мен ұлттық лигасында (бірінші тобында) әрлі-бірлі ‘көшіп-қонып’ жүр. Яғни бір маусым жоғары, ала келесі маусымда бір саты төмен лигасында ойнап келеді.

Ал Лукаш Тесак «Қайратқа» биылғы жылдың басында келген болатын. Алматы клубы сапында, Қазақстан премьер-лигасында, 18 ойын өткізіп, бір гол соқты. Алайда жазғы трансфер кезеңінде орнынна айырылып қалды.

Нақтырақ айтқанда, «Қайрат» оның орнына «Ордабасы» командасынан Ғафуржан Сүйімбаевты алды. Сөйтіп, бір легионер орны босатылып, Испания қорғаушысы Сесар Арсо Ампостамен еңбек келісіміне қол қойылды.

Ал «Астанада» артық легионер болып қалған Евгений Постников пен алдағы маусымда Ресейдің ұлттық лигасында ойнайтын «Динамо» (Мәскеу) клубы арасында келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді.   

Айтпақшы, Қазақстан премьер-лигасында да азын-аулақ өзгерістер жүзеге асып, санаулы жаңа ойыншылар тіркеліпті. Бұл ретте, «Атырау» командасына 20 жастағы Максим Фединнің Еуропадан келгендігін бөле-жара атап өтуге болады. Ол Сербияның көктемде ғана аяқталған өткен маусымында «Спартак Златибор Вода» командасының сапында ойнаған болатын. Әр Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы, енді атыраулықтардың намысын қорғайды.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика