Вернуться к списку статей

Сүйімбаев Шымкенттен Алматыға ауысты

Футбол
1K
Ғафуржан Сүйімбаев
Алматының «Қайраты» қорғаушы Ғафуржан Сүйімбаевпен екі жарым жылға келісімшартқа отырғандығын ресми түрде мәлімдеді.

Бүгін «Қайрат» футбол клубы қақпашы Стас Покатиловты маусым соңына дейін жалға алып, осы еңбек келісімін ресми түрде жариялаған соң, Шымкенттен Ғафуржан Сүйімбаевты да алғандарын мәлімдеді.

«Ордабасы» командасының қорғаушысымен екі жарым жылдық келісімшартқа қол қойылыпты. Сүйімбаев «Қайрат» сапында 23 нөмірлі жейдемен ойнайды екен.

Жалпы, 1990 жылы 19 тамызда туған қорғаушы – Шымкент футболының түлегі. 2010 жылдан бері «Ордабасы» командасында ойнап келеді. Рас, 2013 жылы «Ертіске» жалға берілген. Бірақ өз командасына қайтып келген.

Сүйімбаев «Ордабасы» сапында 100-ден астам ойын өткізіп, ел кубогы мен суперкубогының иегері атанды. 2014 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының сапына шақырылып, ел намысын қорғап жүр.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика