Вернуться к списку статей

“Ертіс” елітіп, “Тараз” таң қалдырды

Футбол
1K
Қазақстан премьер-лигасында ХVІІІ-турдың қалған үш ойыны сенбі күні өтіп, үшеуі де қызықты нәтижелермен аяқталды.

“Ертіс” “Жетісуды” ұтып, қайтадан екінші орынға шықты

Ерке Ертіс жағасындағы ойын қызықты басталды. Ойынның басында қонақтар гол соғып, алға шықты. «Ертіс» футболшылары қарқындарын үдетіп, «Жетісудың» қорғанысын қыспаққа алды.

Бірінші таймда есепті теңестірді. Ал екінші таймда тағы екі гол соғып, қоржындарына үш ұпай салды. Әрі осыдан екі күн бұрын екінші орынға көтерілген «Қайратты» бір саты төмен ығыстырып, алтыншы турдан бері өздері “меншіктеп” алған орындарына жайғасты.

Айта кетуіміз керек, осы бірінші таймның басында есеп ашып, командасын желпіндірген Боровский екінші таймның басында алаңнан қуылып, талдықорғандықтарды жерге қаратты. Ал Ахметов жарақаттанып қалды...  

“Ертіс” – “Жетісу” – 3:1

Голдар: Боровский, 12 (0:1). Джаллоу, 33 (1:1). Фернандес, 81 (2:1). Мұртазаев, 87 (3:1).

53-минутта Боровский алаңнан қуылды (екінші ескрту)

«Ертіс»: Лория, Ахметов (Сартаков, 55), Фрейдгеймас, Керла, Есімов, Йирсак, Гетериев (Алиев, 82), Мұртазаев, Фернандес, Фаль (Григалашвили, 78), Джаллоу.

«Жетісу»: Пасеченко, Әмірсейітов, Вага, Кадио, Азовский, Клайн, Касьянов (Сағындықов, 65), Боровский, Калинин (Шайыхов, 36), Джалович, Савич.


“Тараз” “Тобылды” тобықтан қақты

«Тараз» бірінші турдан бері екінші рет жеңіске жетті. Он жеті тур бойы жеңіс дегеннің не екенін ұмытқан тараздықтар бүгін «Тобылды» тізе бүктірді. Бірінші голды «Ордабасы» командасына “керек болмай” қалған Дәуренбек Тәжімбетов соқты.

Бір қызығы, бұл ойынға «Тараз» футболшыларын капитан ретінде команда сапына кеше ғана келген ресейлік Григорьев бастап шықты. Сонда қалай, ұжымның көшбасшы болуға лайық қазақстандық футболшылардың болмағаны ма?..

Бұл кездесуде жеті ойыншы ескерту алды. Ал соңғы төрт ойындарда тек «Астанадан» ғана ұтылып, қалған үш қарсыласын ұтқан «Тобыл» көш соңындағы «Тараздан» жеңіліп қалып, салы суға кетті.  

“Тараз” – “Тобыл” – 2:0

Голдар: Тәжімбетов, 29. Мане, 79.

«Тараз»: Григоренко, Киров (Данилюк, 60), Мера, Воротников, Әмірханов, Григорьев (Сүлей, 76), Алиев (Таубай, 51), Яковлев, Эргашев, Мане, Тажимбетов.

«Тобыл»: Логиновсикй, Мирошниченко, Яворский, Кассай, Главина, Жулпа, Мухутдинов, Деак (Досмағамбетов 46), Шимкович, Жұмасқалиев (Асильдаров, 46), Хижниченко (Джалилов, 72).


“Атырау” “Шахтерді” жеңе алмады...

Атыраудағы ойын да көптеген жанкүйерлер мен мамандар үшін күтпеген нәтижемен аяқталды. Соңғы үш турда жеңіске жетіп, қарсыластарын оңды-солды ұтып келе жатқан «Атыраудың» өз алаңында «Шахтерге» азуы батпады.

Ал өткен турда жеңіске жеткен «Шахтер» шынымен де екпін алған сияқты. Түзде алғашқы алтылыққа ұмытлған «Атырауды» басты бәсекелестерінен ұзап кетуге мүмкіндік бермеді.

«Атырау» – «Шахтер» – 0:0

«Атырау»: Нарзикулов, Кузьмин, Мулдаров, Ламанж, Коробкин, Эссаме, Дамчевски, Шабалин, Куртеян (Шарпар, 44), Аржанов (Эсатов, 90+4), Трытко (Максь, 80).

«Шахтер»: Шацкий, Тарасов, Садовничий, Василевич, Пикалкин (Горячий, 46), Габышев, Сзоке, Нұрыбеков (Тәттібаев, 79), Ермеков (Ветров, 66), Скорых, Байжанов.



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика