Вернуться к списку статей

Соңғы турлардың үздіктері – қазақ футболшылары

Футбол
2K
Бауыржан Исламхан үш қорғаушыны да алдап өте алады... Фото: fckairat.kz
Қазақ футболшылары Instat компаниясы жүргізген сараптамалар негізінде соңғы турлардың үздіктері болып танылып, мақтаулы легионерлерден де асып түсіп жүр.

Еліміздегі Кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі Instat компаниясы жүргізген сараптамалар негізінде әр турдың техникалық деректерін жариялап тұрады. Бірақ үнемі деп айта алмаймыз. Мысалы, биылғы маусымның бастапқы турларының жайлы мәліметтер берілген жоқ. Содан соң ХІ-ХІІІ турлардың да дәйектері жарияланбады.

Сондықтан бұған көп көңіл бөлмей жүргенбіз. Бірақ мұнымыз дұрыс болмапты. Өйткені соңғы турларда өзіміздің жігіттер бәрінен асып түсіпті. Енді соған көңіл аударайық.

ХІV-турдың үздік ойыншылары:

1. Бауыржан Исламхан («Қайрат») – 283 (индексі)

2. Серж Бандо Нганбе («Оқжетпес») – 238

3. Ілияс Әмірсейітов («Жетісу») – 229

Бұл турда техникалық-тактикалық әрекеттері жағынан Предраг Говедарица («Ақжайық») көзге түскен – 132 (110-ы сәтті орындалған).

ХV-турдың үздік ойыншылары:

1. Азат Нұрғалиев («Ордабасы») – 269

2. Чиприан Деак («Тобыл») – 261

3. Исаэль («Қайрат») – 234

Техникалық-тактикалық әрекеттері бойынша Бауыржан Исламхан үздік шықты – 128 (108).

ХVІ-турдың үздік ойыншылары:

1. Жасұлан Молдақараев («Оқжетпес») – 318   

2. Душан Савич («Жетісу) – 311

3. Даниил Чертов («Оқжетпес») – 269

Техникалық-тактикалық әрекеттері бойынша бұл турда да Бауыржан Исламхан тең келер ешкім болмаған – 154 (129).  

Статистика алдамайды! Instat компаниясының статистикалық сараптамалары өз жігіттеріміздің легионерлерден асып түспесе, кем түспейтіндігін айқындап беріп отыр. Тек өзіміз қолда бар таланттарымызды қадірлей алмай жүргендейміз.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика