Вернуться к списку статей

“Атырау” адымдап, “Қайрат” қарыштады

Футбол
1K
Қазақстан премьер-лигасының ХVІІ-турындағы соңғы екі ойын еліміздің батыс өңірінде өтті. "Атырау" өз алаңында жеңіске жетсе, "Ақтөбе" жанкүйерлерін жерге қаратты.

«Атырау» алтыншы орынға көтерілді

«Атырау» өз алаңында алға басқан қадамы кері тартып жүрген «Таразды» қабылдап, бір доп айырмасымен ғана ұтты. Әйтсе де, соңғы үш турда үшінші рет жеңіске жетіп, алтыншы орынға көтерілді. Болгариядан шақыртылған Стойчо Младенов сенімді ақтап, команданы түлетті.

Ал «Тараздың» жағдайы – мүшкіл. Төртінші рет қатарынан ұтылып отыр. Бүгін тәжірибелі шабуылшысы пенальти де соға алмады. Егер Мане 11-метрлік айып соқысынан мүлт кетпегенде, ойын басқаша өрбитін де ма еді...  

«Атырау» – «Тараз» – 1:0

Гол: Дамчевски 57

Мане 45+1-минутта пенальти соға алмады.

«Атырау»: Нарзикулов, Кузьмин, Мулдаров, Ламанж, Коробкин, Эссаме, Дамчевски, Шабалин, Куртеян (Сапаров, 71), Аржанов (Эсатов, 90+4), Макась (Шарпар, 78).

«Тараз»: Григоренко, Баялиев (Әмірханов, 80), Григорьев, Воротников, Д.Евстигнеев, Данилюк, Алиев, Яковлев, Қараман (Сүлей, 66), Нұралы, Мане.


«Қайрат» «Ақтөбені» тас-талқан қылды

Өткен турда сүрініп, өз алаңында екі ұпай жоғалтқан «Қайрат» Ақтөбеде ойранды салды. Алаң иелерінің екі аяқтарын бір етікке тығып, естерін шығарды. Түзде алты гол соғып, қоржындарына үш ұпай салды.

«Ақтөбе» бұл ойында тасқамал қақпашысы Самат Отарбаевқа сенім арта алмады. Ол жарақаттанып қалған болатын. Оның орнына Станислав Павлов шықты. Жас қақпашы «Қайраттың» қас шеберлеріне төтеп беру оңай болған жоқ.

Жалпы, бұл ойында алаң иелері «Қайраттың» деңгейі өздерінен жоғары тәжірибелі футболшыларына ілесе алмады. Қонақтар «Ақтөбенің» жас ұжымынан қай жағынан болсын, асып түсті.

«Ақтөбе» – «Қайрат» – 2:6

Голдар: Тесак, 4 (0:1). Исламхан, 17 (0:2). Гоу, 25 (0:3). Аршавин, 38 (0:4). Шестаков, 43 (1:4). Жалмұқан, 64-пенальтиден (2:4). Гоу, 67 (2:5). Исаэль, 77 (2:6).

«Ақтөбе»: Павлов, Қайыров, Куаджа, Сорокин, Цвейба (Дао, 46), Ситдиков, Митошевич, Шестаков (Азовский, 80), Жұмағали (Жұмашев, 46), Жалмұқан, Бочаров.

«Қайрат»: Плотников, Тесак, Маркович, Рудосельский, Лунин, Бакаев, Дарабаев, Исаэль (Дайыров, 87), Аршавин (Тавамба, 69), Исламхан, Гоу (Ли, 78).

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика