Вернуться к списку статей

Василевич “Шахтерға” гол соғуды көрсетті

Футбол
1K
Қазақстан премьер-лигасының ХVІІ-турында "Шахтер" "Ақжайықты" айқын басымдықпен ұтып, биылғы маусымда алғаш рет үш гол соқты.

«Шахтер» биыл гол соға алмай, пұшайман болып жүрген-ді. Премьер-лигадағы ең аз гол соққан команда болатын. Бұл ретте, 16 ойында бес-ақ гол соққандарын айтсақ та жетер. Ал өз алаңында... маусым басынан бері бір-ақ гол соғып, көрермендерінің алдында ұятты болып жүрген еді.    

Әрі соңғы екі турда 0:8 есебімен ұтылған болатын («Қайраттан» 0:5, «Оқжетпестен» 0:3 есептерімен). Бүгін соңың бәрінің есесін қайтарғандай болды. Өз алаңында «Ақжайықтан» 3:1 есебімен басым түсті.

Бірінші голды жақында ғана команда сапына келген Никола Василевич соқты. Ол ойынға бұрыштан қосылған допты басымен қақпаға сүңгітті.

Осы гол кеншілер командасын жігерлендіріп жіберді ме, алаң иелері осыдан кейін тағы екі гол соқты. Екеуі де Уббинктің еншісінде. Ол екі голының біреуін соққанда Байжановтың бар жағдайды жасап бергендігін де айта кетуге тиіспіз.

«Ақжайық» ойын соңында айып соққыснан бір гол соғып, есепті қысқартты. Әйтпесе, ірі есеппен ұтылатын еді.

Бір қызығы, әзірше «Шахтердің» шамасы дәл осы «Ақжайыққа» жетіп тұр. Бірінші айналымда да жеңіп кеткен. Оралдағы ойында (VІІ-туры болатын) кеншілер 1:0 есебімен алаі иелерін тақырға отырғызып кеткен-ді.

Осы ойыннан кейінгі баспасөз жиынында «Ақжайықтың» бас бапкері бар кінәні өз мойнына алып, отставкаға кететінін меңзеді...

«Шахтер» – «Ақжайық» – 3:1

Голдар: Василевич, 27 (1:0). Уббинк, 45+2 (2:0). Уббинк, 86 (3:0). Лечич, 90+3 (3:1).

«Шахтер»: Шацкий, Тарасов, Садовничий, Василевич, Габышев (Пикалкин 65), Скорых, Ермеков (Ветров, 46), Сзоке, Байжанов, Уббинк (Путинцев 90), Финонченко.

«Ақжайық»: Остоич, Сергиенко (Валиуллин, 41), Колуния, Розыбакиев, Әбдірахманов, Шурыгин (Мальцев, 78), Говедарица, Бегалин (Сапанов, 57), Ортиз, Дудченко, Лечич.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика