Вернуться к списку статей

Жерар Гоу мен Мұртазаев – голды кім көп соғады

Футбол
1K
Кеше футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасындағы алты ойында қақпаға доп “жауды”. Әрі биылғы маусымдағы ең көп гол соғылған тур болды.

ХVІ-турдағы алты матчта 24 гол соғылды. Орта есеппен әр ойында – төрт голдан! Бұған дейінгі ең нәтижелісы ХІІ-тур болатын. 21 мамыр күні өткен алты ойында 19 гол соғылған болатын.

Жалпы, премьер-лигадағы 16 турда 95 ойын өтіп (бір матч кейінге шегеріліп), 226 гол соғылыпты. Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, биылғы ел біріншілігінде соғылып жатқан голдар аз емес. Орта есеппен әр ойында – 2,38 доп. Жаман көрсеткіш емес.    

Ал сұрмергендер тізімінде өзіміздің таланты жас шабуылшымызды қайраттық Жерар Гоу ХІV-турда қуып жетті. Кот-д'Ивуардан келген легионер былтырғы ел біріншілігінде ең көп гол соққан футболшы болған. Биылғы маусымды аса жоғары қарқында бастамағанымен, соңғы жеті ойында сегіз гол соқты. Әрі бес тур болды, алаңнан гол соқпай кетпей жүр.  

Сонымен, Қазақстан премьер-лигасындағы сұрмергендер тізімі:



Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика