Ұлан Қонысбаев Instagram-дағы жеке парақшасы арқылы өзіне қолдау көрсетіп жатқан командалар мен футболшыларға, жанкүйерлер мен отандастарына шектен тыс риза болғандығын білдіріп, алғыс-рахметін жолдады. Әрі бәрін де қазақ тілінде жазыпты:
Құрметті әріптестерім, достарым!! Бүгінгі Қазақстан Премьер-лигасының 15-ші турындағы қолдауларыңыз «Аспанасты елінде» ауруxанада жатқан маған қатты әсер етті. Шынын айтсам, алаңға мені қолдауға арналған жейде киіп шығады, стадионға баннер орнатады деп ойламадым. Интернет арқылы барлық ойындарды қарап отырдым. Шын жүректен рақмет, Сіздерге! Алғысым шексіз!
Командамды бүгінгі жеңіспен құттықтаймын! Атыраулық ойыншыларға, жанкүйерлерге мың алғыс! Биылғы басты жоспар алтылыққа кіру сендердің қолдарыңнан келеді. Мен оған кәміл сенемін. Жарақатым болмағанда жасыл алаңда орталарыңда жүгіріп жүретін едім. Өкінішке қарай, биылғы маусымда көмек көрсете алмаймын. Бірақ жүрегім сендермен бірге. Алға, «Атырау»!!!