Вернуться к списку статей

Рамазан кестесі – футболшылар да Ораза ұстайды

Футбол
4K
Жасыл алаңдағы мұсылман футболшылар. Фото: poiskvk.org
Футболшылар мен жанкүйерлерге Қасиетті Рамазан айындағы Ораза тұту кестесін ұсынамыз.

Рамазан – береке, бірліктің, ізгіліктің айы. Бұл ай тек ас-судан тыйылу емес, әр адам өзін тәрбиелеп, сынақтан өткізетін және есеп беретін кезең. Өздеріңіз білесіздер, футболшылар арасында да Ораза тұтатындар бар.

Қазақстан чемпионатының премьер-лигасы мен бірінші лигасындағы футболшылардың біразы былтыр Ораза ұстаған. Ал футбол жанкүйерлері арасында Ораза тұтатындар мүлде көп.

Сондықтан Ораза тұту кестесін ұсынып отырмыз. Бұл кестелер "Әзірет Сұлтан" мешіті сайтынан алынды. Біз тек Астана және Алматы қалаларының кестесін жариялап отырмыз.

Егер сізге басқа қаланың кестесі керек болса, онда "Әзірет Сұлтан" мешітінің  сайтына мына сілтеме арқылы кіріп, өзіңізге қажетті қаланың кестесін таба аласыз – http://muslim.kz/kk/post/116-2016-jylgy-oraza-kesteleri.html.


muslim.kz


muslim.kz

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика