Вернуться к списку статей

Футзалдан Қазақстан құрамасының қысқартылған тізімі

Футбол
1K
Фото kairat-futsal.kz сайтынан алынды
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Какау Еуропа чемпионатында ел намысын қорғайтын ойыншылар тізімін қысқартты.

Бас бапкер өткен жылдың аяғында, желтоқсан айының соңғы күндері Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізімін жариялаған болатын. Бастапқы тізімге 25 ойыншы енгізіліп, ресми құжат УЕФА-ға жөнелтілгентін-де.

Қаңтар айындағы ел чемпионатының төрт турынан кейін Какау сол тізімдегі футзалшылар санын қысқартып, 16 ойыншыны қалдырды. Негізі, Еуропа чемпионатына 14 ойыншы баруы керек.

Сонымен, бас бапкер тоқталған соңғы тізім төмендегідей:

қақпашылар – Игита («Қайрат»), Григорий Шамро («Інжу») ;

ойыншылар – Дінмұхамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин Михаил Першин, Лео, Дуглас, (бәріде – «Қайрат»), Николай Пенгрин, Павел Таку, Александр Гребонос, Арнольд Кнауб, Александр Довгань (бәрі де – «Астана-Тұлпар»), Тимур Мұрзабаев, Ерсұлтан Сағындыков (екеуі де – «Аят»).

Осы құрам 20 қаңтар күні Алматыда жиналып, жаттығу жұмыстарын бастайды. Бекітілген жоспар бойынша 22 және 23 қаңтар күндері Өзбекстан құрамасымен жолдастық кездесулер өткізулері керек.

Естеріңізге сала кетейік, футзалдан 2016 жылғы Еуропа чемпионаты 2-13 ақпан аралығында Сербия астанасы Белградта өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасы «С» тобында Ресей және Хорватия футзалшыларымен додаға түседі.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика