Вернуться к списку статей

Әлем чемпионатын Аргентинамен бастаймыз

Футбол
2K
Фото fifa.com сайтынан
Астана уақытымен бүгін таңертең футзалдан ХІІІ әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы "Е" тобына түсті.

Колумбияның Медельин қаласында тартылған жеребеде Қазақстан ұлттық құрамасы «Е» тобына түсті. Қарсыластары – Аргентине, Коста-Рика және Соломон аралдары футзалшылары.

«Е» және «D» тобының ойындары Букараманга мен Медельинде өтеді. Әрі алдын-ала бекітілген күнтізбе кестесі бойынша, Қазақстан футзалшылары қай күні ойнайтындары да нақты белгілі болды:

12 қыркүйек, Букараманга
Аргентина – Қазақстан

15 қыркүйек, Букараманга
Коста-Рика – Қазақстан

18 қыркүйек, Медельин
Қазақстан – Соломон аралдары

Жалпы, ХІІІ әлем чемпионатының жеребесі бойынша 24 құрама алты топқа былайша жіктелді:

«A» тобы: Колумбия, Португалия, Панама, Өзбекстан.

«B» тобы: Ресей, Таиланд, Египет, Куба.

«C» тобы: Италия, Парагвай, Гватемала, Вьетнам

«D» тобы: Бразилия, Украина, Австралия, Мозамбик.

«E» тобы: Аргентина, Қазақстан, Коста-Рика, Соломон аралдары.

«F» тобы: Испания, Иран, Марокко, Әзірбайжан.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика