Вернуться к списку статей

Әлем чемпионатында додаға түсетін 24 құрама

Футбол
1K
Фото fifa.com сайтынан
Футзалдан қыркүйек айында Колумбияда өтетін әлем чемпионатында додаға түсетін ұлттық құрамалар толық анықталды.

Солтүстік және Орталық Америка мен Кариб бассейні елдері конфедерациясының (CONCACAF) біріншілігі аяқталуға айналды. Финалдық ойындары ертең өтеді. Әйтсе де, Коста-Рикада өтіп жатқан осы құрлықтық біріншіліктің топтық ойындарынан кейін жартылай финалда сынға түсетін, яғни әлем чемпионатына баратын үздіктері (төрт құрама) белгілі болды.

Сонымен 10 қыркүйектен 1 қазанға дейін Колумбияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайтын ұлттық құрамалар:

AFC: Австралия, Иран, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам.

CAF: Египет, Марокко, Мозамбик.

CONCACAF: Коста-Рика, Панама, Гватемала және Куба.

CONMEBOL: Колумбия (ұйымдастырушы ел), Бразилия, Аргентина, Парагвай

OFC: Соломон аралдары

UEFA: Әзірбайжан, Испания, Италия, Қазақстан, Португалия, Россия, Украина.

CONCACAF біріншілігінде жартылай финалға шыққан құрамалар белгілі болған соң, жеребе тартуға дайындық ретінде әлем чемпионатына жолдама алған 24 құрама төрт себетке (қоржынға) тең бөлінді-де. Бірақ Солтүстік және Орталық Америка мен Кариб бассейні елдері конфедерациясының төрт құрамасының рейтингтері әлі нақты емес.

Әйтсе де, Қазақстан құрамасының төртінші себетке түскені анық. Өйткені рейтинг түзу барысында әр құраманың соңғы бес әлем чемпионатындағы көрсеткіштері есепке алынған. Ал біздің футзалшылар әлем чемпионатының финалдық кезеңіне екінші рет қана шығып отыр. Алғаш рет 2000 жылы сынға түскен болатын.

Енді бір анығы, Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының алғашқы кезеңінде Әзірбайжан және Өзбекстан футзалшыларымен бір топқа түспейді. Өйткені олар да – төртінші себетте.

Жеребе тарту рәсімі 19 мамыр күні Колумбияның Медельин қаласында өтеді. Жалпы, ХІІІ әлем чемпионаты осы елдің үш қаласында өтуі керек – Медельин, Кали және Букараманга.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика