Вернуться к списку статей

Таразда Шох турнирі басталды

Футбол
1K
Фото kff.kz сайтынан
Таразда КСРО спорт шебері Антон Рохусович Шохты еске түсіруге арналған VIII халықаралық турнир басталып, алғашқы күнгі ойындары да өтті.

Дәстүрлі турнир биыл 1999 жылы туған жас футболшылар арасында өтіп жатыр. Қатысушылар саны – сегіз команда. Олардың арасында 2000 жылғы жеткіншектермен жасақталған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы да бар. Олар екі топқа қақ бөлінген:

І-топ: Қазақстан U-17 құрамасы, «Ротор» (Волгоград, Ресей), «Спартак» (Ташкент, Өзбекстан) және «Абдыш-Ата» (Қант, Қырғыз Республикасы).

ІІ-топ: «Монтажник» (Тараз, Қазақстан), РКОР (Ташкент, Өзбекстан), «Қайрат» (Алматы, Қазақстан), РДЮСШОР (Бішкек, Қырғыз Республикасы).

Бірінші күнгі ойындардың нәтижесі:

Қазақстан U-17 – «Спартак» (Ташкент) – 5:1

Голдар: Кеңесов, 1. Красноперов, 6. Сейдахмет, 58. Грабко, 59. Әйтім, 88 – Ибрагимов, 23.

«Ротор» (Волгоград) – «Абдыш-Ата» (Қант) – 5:1

«Қайрат» (Алматы) – РКОР (Ташкент) – 0:0

«Монтажник» (Тараз) – РДСШЮР (Бішкек) – 5:2

Ертеңге дейін топтық ойындар өтеді. Ал финалдық матчтар 7-8 мамыр күндеріне белгіленген.

Айтпақшы, Александр Кузнецов жаттықтыратын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шох турниріне мына құрамда додаға түсіп жатыр:

қақпашылар – Данил Устименко («Қайрат»), Олег Медведев («Астана»);

қорғаушылар – Дінмұхамед Қашкен («Астана»), Ілияр Сауытов («Қайрат»), Санжар Әйтім («Астана»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»), Сағи Совет («Астана»), Бексұлтан Шәмші («Ордабасы»), Әлім Ілиясов («Астана»), Александр Усачев («Ақтөбе);

жартылай қорғаушылар – Руслан Махан («Астана»), Арман Кеңесов («Ертіс»), Жасұлан Қайыркенов («Астана»), Сұлтан Сағынаев («Астана»), Мәди Жақыпбаев («Астана»), Виктор Грабко («Атырау»);

шабуылшылар – Еркебұлан Сейдахмет («Монтажник»), Денис Красноперов («Ертіс»).

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика