Вернуться к списку статей

Футболшыларымыздың жалақылары бағаларына лайық па?

Футбол
2K
Неманья Максимович Қазақстандағы ең қымбат футболшы
Қазақстандағы ең қымбат футболшы Андрей Аршавин емес, тіпті Анатолий Тимощук те емес. Сербиялық Неманья Максимович. Ал ең қымбат клуб – елордалық «Астана».

Соңғы кездері Андрей Аршавиннің «Қайраттағы» жалақысы жайлы дау өршіп барады. Тіпті, Мәжіліске дейін жетіп, депутат Мұхтар Тінікеев Шаваның «Қайраттағы» жалақысы жылына миллион доллардан асатынын айтып шағымданды. Айына 30 мың доллардан алатын басқа да легионерлердің барын жеткізді. Осы орайда біз осыншама айлық алатын футболшыларымыздың нарықтағы бағасы қалай екен деп олардың трансферлік құндарын анықтап көрген едік. Немістің transfermarkt.de сайты бізге көмекші болды.

Әлбетте, бұл сайт барлық ойыншылардың бағасын есептей бермейді. Бұрын аса көзге түспегендіктен кейбір футболшылардың бағасы сайтта көрсетілмеген. Оның үстіне, сайтта бір футболшының бағасы 100 мың теңге деп тұрса, «оның құны шынымен де сонша екен» қате ойлап қалмаңыз. Клуб футболшыны бұрынғы командасынан тегін алған да болуы мүмкін немесе сайтта көрсетілген бағадан екі есе көп төлеуі де ғажап емес. Бәрі өзара келіскендеріне байланысты. Дегенмен, transfermarkt.de футболшылардың нарықтағы лайықты бағасын көрсететін әлемдегі бірден-бір сараптамалық сайт және футболшылардың әлеуетін бағалауда бүкіл дүниежүзі осы порталға жүгінеді.

Сонымен...

Еліміздегі ең қымбат клуб – елорданың «Астанасы». Барлық футболшыларының бағаларын қосқанда 15,2 миллион «көкқағаз» шығады. Одан кейінгі кезекте 11,88 миллион АҚШ долларымен Алматының «Қайраты» тұр. Үздік үштікте 8,4 миллионмен Шымкенттің «Ордабасы» клубы. Ал ең арзаны – «Ақжайық». Оралдық клубтың сапындағы 27 футболшының жалпы бағасы 2,7 миллион доллар екен.

Ең қымбат легионер бәріңіз ойлағандай Андрей Аршавин емес. Шаваның бағасы керісінше уақыт санап түсіп барады. Мәселен, 2009 жылы Ресейдің «Зенитінен» Англияның «Арсеналына» ауысқанда Аршавиннің бағасы 24 миллион тұрған. Кері қайтқанда бағасы 11 миллионға дейін төмендеп кетті. Одан кейін 2012 жылы қайта «Арсеналға» кеткенін білесіздер. Ал «Зенитке» оралғанда 4,5 миллионға дейін түсіп кеткен. Одан кейін «Кубаньға» кетерде бір-ақ миллион болып қалды. Ал қазір нарықтағы бағасы небәрі 500 мың. Еліміздегі ең қымбат ойыншы – Неманья Максимович. Былтыр Чемпиондар лигасының алдында 500 мың тұрған «астаналық» жартылай қорғаушының бағасы қазір 2 млн. АҚШ долларын құрайды.

Премьер-лигамыздағы ең қымбат қазақстандық футболшы атағынан бірден екі футболшы атағынан бірден екі футболшы үміткер. Бірі «Қайрат» капитаны Бауыржан Исламхан болса, екіншісі «астаналық» Дмитрий Шомко. Екеуінің де бағасы 1 млн. доллар. Сондай-ақ, биыл Ресейдің «Ростовына» ауысқан қақпашымыз Стас Покатиловтің де бағасы осынша.


Бауыржан Исламхан ең қымбат қазақстандық футболшылардың тізімін бастап тұр

Назарларыңызға Премьер-лигамыздағы клубтар мен футболшылардың бағаларын кесте жүзінде ұсынамыз






 
Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика