Вернуться к списку статей

16 жылдан кейін «Ақтөбе» Қазақстан кубогына ие болды

Футбол
9K
QFL Қазақстан кубогының 2024 жылғы маусымы аяқталды. Финала «Ақтөбе» клубы «Атыраумен» кездесті.Ойын Алматының Орталық стадионында өтті.

Кездесуде есепті 24-ші минутта «Атырау» ашты. Жартылай қорғаушы Игорь Стасевичтың асырған добын Николай Сигневич сәтті пайдаланып кетті. Ал нағыз «драма» 89-шы минутта тіркеліп, «Ақтөбенің» орталық қорғаушысы Әлібек Қасым пенальтиді сәтті орындай алды. Ал одан кейінгі кезекті шабуылда «ақ-қызылдардың» шабуылшысы Фредди Гондола шешуші әрі жеңіс голын соқты.

«Бірінші таймда ойынды бақыласақ та, керек емес гол өткізіп алдық. Бір қарымта шабуылды «Атырау» сәтті пайдаланып кетті. Бұл бір ғана ойыннан тұратын кубоктың финалы. Кубокқа екі команда үмітті болды. Біз кубокты жеңгіміз келді. Командамыз, Ақтөбе қаласы, жанкүйерлер жеңісті қалады», - деді «Ақтөбе» клубының бас бапкері Игорь Леонов.

Бұған дейін «Ақтөбе» 2008 жылы ғана аталмыш кубокты жеңген. Олар жарыс жолында «Жетісу», «Ордабасы», «Елімайды» жарыс жолынан шығарды. Енді осы жеңістің арқасында команда келесі маусымда еурокубоктың іріктеу кезеңіне қатысып, OLIMPBET QFL Қазақстан Суперкубогын сарапқа салады. Кубоктан бөлек, Игорь Леонов шәкірттері 65 миллион теңге иеленсе, «Атырау» 45 миллионов теңге сыйақы алды.

«Ақтөбе» клубын жеңісімен құттықтап, сәттілік тілеймін! Бүгін біз финалда алғаш рет батыс дербиіне куә болдық. Қос ұжым да жақсы ойынымен, жеңіске жігерлігімен қуантты. Осындай футбол мерекесін ұйымдастыруға атсалысқан серіктестерге және керемет қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысымды білдіремін», - деді Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров.
Яндекс.Метрика