Вернуться к списку статей

Италиядағы лицензиялық жарыс. Қазақ боксшылары неше жолдама алады?

Бокс
5K

Бұл күндері Италияның Бусто-Арсицио аймағында бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды. Алғашқы жекпе-жектер өтіп те үлгерді.

Мысалы, Сәкен Бибосынов 51 келіде гонконгтық Каннет Чун Хим Танның осал тұсын тапты.

Бұл жекпе-жек қазақ боксшысының техникалық нокаутымен аяқталды.Төреші кездесу барысында қарсыласына үш рет есеп ашты. Үшіншісінде рефери кездесуді тоқтатты.

Осылайша, Сәкен Бибосынов келесі кезеңге өтті. Енді Сәкен келесі кезеңде кениялық Каранджа Давид Мачариамен кездеседі. Одан кейін 1/8 финада Азат Махметов (Бахрейн намысын қорғайтын қазақ боксшысы), ширек финалда Федерико Серра (2021 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі) - Киаран Макдональд (Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері) жұбының жеңімпазымен кездесуі мүмкін.

Жолдама алу үшін жартылай финалға жету керек.

57 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан бірінші айналымда эфиопиялық Лета Фикремариам Ядесамен жұдырықтасып, еш қиындықсыз жеңіске жетті. Есеп – 5:0.

Енді келесі айналымда ол таиландтық Саравут Суктхетпен қолғап түйістіреді. Оны жеңіп жатса 1/8 финалда Паган Калеб Жосие Тирадо (Пуэрто-рико), 1/4 финалда Умид Рустамов күтіп тұр.

Сондай-ақ 80 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Нұрбек Оралбай Олимпиадаға іріктеу турниріндегі бірінші жекпе-жегінде гаитилік Кедрик Белони-Дулиепрені жеңді.

Әріқарай мүмкін болар қарсыластары:

1/32 финал. Седрик Белони-Дулиепре (Гаити)

1/16 финал. Карлос Гонгора (Эквадор)

1/8 финал. Алексей Алфёров (2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері)

1/4 финал. Ирландия, Бельгия, Армения т.б.

Ал 5 наурыз күнгі жарыс кетсесі:

Астана уақытмен 15:00:

60 келі - Қазақстан - Римма ВОЛОСЕНКО - Petra SZABO (Венгрия)

21:45:

71 келі - Қазақстан - Асланбек ШЫМБЕРГЕНОВ - Сэм Моровати (Финляндия)

00:30:

63,5 келі - Қазақстан - Мұхаммедсабыр БАЗАРБАЙҰЛЫ - Доннел Филлип (Тринидад және Тобаго).

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика