Вернуться к списку статей

Қазақстан баскетболшылары Азия кубогын сәтті бастады

Баскетбол
138

2025 жылғы ерлер командалары арасындағы баскетболдан Азия кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы турда Үндістаннан басым түсті.

Төрт кезеңдегі ойынның қорытындысы мынандай: Қазақстан – Үндістан 63:50 (13:16, 18:10, 13:7, 19:17).

Ойын барысында ең көп 18 ұпай жинаған Рустам Мурзагалиев әсерімен бөлісті:

«Үндістанның құрамы өте жас. Физикалық тұрғыдан жақсы. Оның үстіне грек маманы жаттықтырады. Керек кезінде ұпаймызды түгендеп, басым түстік. Шынымды айтсам, 11 жылдық спорт мансабымда ұлттық құраманы осынша халық қолдайды деп ойламадым. Барлықтарыңызға рақмет!»Қос құрама бұған дейін 2023 жылы Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңі аясында да кездесіп, жерлестеріміз 63:50 есебімен жеңген болатын. Ойыншыларыма қорғанысқа қатты көңіл бөлуімді сұрадым. Алғашқы тур болған соң, баскетболшыларымыз қобалжып, бірінші кезеңде 13:16 есебімен есе жіберді. Одан кейін қалпымызға келіп, ойын тізгінін қолға алдық. Рустам Мурзагалиев те шабуыл шебінде нәтижелі шабуылдады. Жеңіске лайықтымыз деп ойлаймын», — деді бас бапкер Евгений Овсянников.

Енді отандастарымыз келесі ойынын 26 ақпан күні сырт алаңда Қатармен өткізеді.

Айта кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы 2013 жылдан бері Азия кубогының финалдық кезеңінде өнер көрсетіп келеді.

Финалдық кезеңге 16 құрама қатысады. Азия кубогы 2025 жылы 5-17 тамыз аралығында Сауд Арабиясында өтеді. Соңғы рет бұл елде финалдық кезең 1997 жылы Эр-Риядта өткен. Онда Корея топ жарған. Финалда Жапонияны жеңген еді.

Қазір E тобындағы жағдай мынандай: Қазақстан(2 ұпай), Иран (2), Катар (1), Үндістан (1).

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика