Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бүгін Қазақстан құрамасы екі алтын жеңіп алды.
Алдымен 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысананы дәл көздеу сынында 18 жастағы Зухра Иранзарова топ жарды. Ол 560 ұпай жинап, қарсылас шақ келтірген жоқ. Бұл бағдарламада күміс пен қола Солтүстік Корея өкілі – Жие Ри мен Оксим Паектің еншісінде кетті.
Ұлттық құраманың тағы бір спортшысы Фатима Иранзарова 6-шы, Александар Садуақасова 7-сатыға тұрақтады.
Нысана көздеу, 10 метр:
- Зухра Ирназарова (Қазақстан) — 560 ұпай
- Жие Ри (Солтүстік Корея) — 554 ұпай
- Оксим Паек (Солтүстік Корея) — 551 ұпай.
Сосын командалық сайыстан күміс жүлде түсті. Мұнда апалы-сіңілілер біргіп өнер көрсетті. Зухра Ирназарова мен
Фатима Ирназарова және Александра Сәдуақасова бар.
Есіңізге сала кетейік, Зухра Ирназарова биыл тамызда Әзірбайжан астанасында өткен нысана көздеуден әлем чемпионатында осы бағдарламада алтыннан алқа таққан.
Үшінші алтынды стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста Әсем Орынбай/Эдуард Ещенко жұбы жеңіп алды. Олар финалда Кувейттен басым түсті.
1.Қазақстан — 40 ұпай
2.Кувейт — 35 ұпай
3.Қытай
3.Қатар
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында нысана көздеу спортынан 3 алтынға ие болды.
Әсем Орынбай кеше нысана көздеуден 1 алтын, 1 қола алған еді.