→
Подписаться на RSS
Спорт Жаңалықтары
09-09-2017
"Ордабасы" – "Тараз". Оңтүстік дербиі "шамның жарығында" өтті
Шымкенттің Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда өткен оңтүстік дербиінде жергілікті «Ордабасы» «Таразды» 1:0 есебімен ұтты.
09-09-2017
«Қайрат» пен Карлос жол тапты, «Қайсарды» да жеңуге
«Қайрат» Алатау бөктерінде «Қайсарды» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Алматы клубының бас бапкерін ауыстырғалы бесінші ойыны һәм бесінші жеңісі.
09-09-2017
Ертіс – Тобыл 1:2. Павлодарлықтар Димитровты жылап еске алады
«Ертіске» биыл «Тобылды» мойындату оңай болмай тұр. Үш рет кездескен. Біреуінде ғана тең түсіпті. Бұған дейін де Павлодарда жеңілістің кермек дәмін татқан. Бүгін де ұтылды.
09-09-2017
Бірінші лигада шиеленіс жоқ
Бірінші лигада мән қалмады. Бәрі де түсінікті. «Жетісу» ешкімді жеткізбес, ал екінші орынды «Қызыл-Жар» еншілеп, «Қайраттың» академиясы үздік үштікті қорытындылайды. Егер жүлдегерлердің орындары ауысса, онда маусым сәтті аяқталды дей беріңіз.
08-09-2017
Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарымен тең түсті
Футзалдан Таиландта өтіп жатқан халықаралық «Король кубогы» турнирінде Қазақстан қырандары Аргентина құрамасымен тең түсті.
08-09-2017
«Ақжайық» «Оқжетпесті» турнир кестесінің тұңғиығына жіберді
Оралда осы чемпионаттың басты аутсайдерлері «Ақжайық» пен «Оқжетпес» кездесіп, алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.
08-09-2017
«Астана» «Атырауды» жүндей түтті – 7:0
«Астана» футбол клубы ХХVІ турда «Атырауды» өз алаңында қабылдап, 7:0 есебімен күйрете жеңді.
08-09-2017
Президент кубогын Ресей жасөспірімдері иеленді
Футболдан Президент кубогының жеңімпазы анықталды. Финалда гүржі бозбалаларын негізгі уақытта жеңе алмаған Ресей жасөспірімдер құрамасының пенальти сериясында бақтары жанды.
08-09-2017
Тимур Сегізбаевтың жұбайы қайтыс болды
Қазақ футболының ардагері һәм жарық жұлдызы Тимур Сегізбаев ағамыздың жұбайы Клара апай өмірден озды...
07-09-2017
Алты ойында да алаң иелері жеңіске жетеді – Мадина Асылбек
Қазақстан премьер-лигасының ХХVІ турына «Қазақ спорты» газетінің тілшісі Мадина Асылбек болжам жасайды.