Вернуться к списку статей

Неге 7 минут қосқанын түсіне алмаймын. Қожабергенов ашуға ырық берді

Футбол
251

Қазақстан премьер-лигасының 25-турында «Астана» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» клубын қабылдаған. Бұл матчта қаратаулық төреші Бағдат Абдуллаев 7 минут қосады. 96-минутқа дейін тең түсіп тұрған «Жетісу» матчтың бітуіне санаулы секундтар қалғанда қақпасына гол жіберіп алады. Ойыннан кейін Талдықорған командасының бас бапкері Асқар Қожабергенов пікір білдірді.

12366

– Мұндай матчқа пікір білдіру де қиын. Ойынның бітуіне 30 секунд қалғанда гол жіберіп, бір ұпайдан айырылдық. Жігіттер бар күшін салды. Енді киім ауыстыратын бөлмеде жыларман күйде отыр. Ешқандай эмоция қалмады. Ойынға қосымша 7 минут қосатындай қандай негіз болғанын білмеймін. Бірақ бұл төрешінің шешімі. Менде басқа сөз жоқ, барлығыңызға рахмет айтамын.

– Неге ойынға Нұрбол Нұрберген қатыспады?

– Бұл сұрақта төрешіге қатысты. Алдыңғы кездесуде симуляция жасады деп, сары қағаз берді. Негізінде ол қақпашымен бірге-бір шыққан. Мұндай жағдай симулиция жасаудың не қажеті бар? Сары қағаздарының саны төртеуге жетіп, осы ойынға қатыса алмады.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика