Вернуться к списку статей

Тәжікстан футболы қалай дамып жатыр?

Теннис
265

Бұл күндері Катарда футболдан Азия кубогы өтіп жатыр. Бір жыл бұрын әлем чемпионатын сәтті ұйымдастырған ел Азияның 24 мықтысын қабылдап, үздігін анықтамақ.

Қазіргі кезде Азия кубогының плей-офф бәсекелері басталды. Ширек финалға шыққан алғашқы құрамалар да белгілі. Атап айтсақ, Австралия, Тәжікстан, Иордания, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Катар. Енді қалған екі жолдамаға Иран мен Сирия, Бахрейн мен Жапония кездеседі.

Австралия Индонезияға шанс қалдырмаса, Тәжікстан Біріккен Араб Әмірліктерін үйлеріне қайтты. Ирак пен Иордания арасындағы матч та тартысты өтті. Ирак 2:1 есебімен алда тұрған. Бірақ бір ойыншысы қуылып, қарсыластың таразы басын теңестіруіне мүмкіндік берді. Сосын Иордания жеңіс голын да соғып, ширек финалға өтті. Өзбекстан Тайландтан басым түссе, Оңтүстік Корея әупірімдеп жүріп, пенальти сериясында Сауд Арабиясын жеңді.

Енді осылардың арасынан Тәжікстан туралы айтсақ. Тәжікстан футболы қазір ең бір даму кезеңін бастан кешіріп жатқаны жасырын емес. Азия кубогына алғаш қатысқанына қарамастан ширек финалға шығып үлгерді.

Топтық кезеңде футболына миллиардтап ақша жұмсаған, бір кездері талай жұлдыздары әкелген Қытайдың өзінен озып кетті. Тәжікстанның соңғы сәтке дейін топтан шығу-шықпауы белгісіз еді. Тіпті, Ливаннан жеңіліп жатқан. Бірақ камбэк жасап, 2:1 есебімен басым түсті.

Футболда халық саны, ақшаның да кейде негізгі рөл ойнамайтына дәлел Қытай мен Үндістан болып тұр. Әйтпесе, миллиардтан астам халқы бар екі елден допты түзу тебетін 11 футболшы шықпауы былай қарасаң күлкілі көрінуі мүмкін.

Бірақ шын мәнінде Азия кубогының да плей-оффына да өте алмады.

Ал тәжіктер алғаш рет қатысса да, алысқа шабатындарын байқатты. Мына қарқынмен жартылай финалға өтіп жатсақ, таңқалмаймыз. Осыған дейін айтқанымыздай, 1/8 финалда Біріккен Араб Әмірліктерімен кездесті. Арабтар құрамына бразилиялық келімсектерін қосып алған. Кайо, Лима дегендерге паспорт ұстатып, ойнатты. Бірақ солардың өзі ештеңе істей алған жоқ.

12968

Матчқа қысқаша тоқталсақ, тәжіктер 30-минутта есеп ашқан. Одан кейін де бірнеше мүмкіндіктері болды. Бірақ гол соғатын сәтте ойыншылары мүлт кетіп жатты. Матчтың соңында төреші қосымша 8-минут қосты. Мұны қарсылас тиімді пайдаланып, 95-минутта таразы басын теңестірді. Ойын овертаймға ұласты. Бірақ таблодағы көрсеткіш өзгермеді. Матч пенальти сериясында шешілді. Қақпашы Рустам Ятымов бір соққыны алып шығып, тәжік жанкүйерлерінің қошеметіне бөленді.

Енді осы ретте тәжікстан футболы қалай аяқ астынан жаңа деңгейге көтерілді деген келсек, олар да біз секілді советтік жүйден шығып, біраз қиналды. 90-жылдары біз кешкенді оларда көрді. Осы тығырықтан 2012 жылы футбол федерациясын тізгінін ұстаған Рустам Рахмонов алып шықты. Ол Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновтың ұлы. Осыдан кейін жағдай өзгере бастады. Президенттің баласы футболға көңіл бөліп, әсіресе, балалар-жасөпірімдер футболын қолға алды. Нәтижесі де көп күттірмеді.

12969

Бір-екі жыл бұрын Қазақстан мен Тәжікстанның 17 жасқа дейін жасөспірімдер құрамасы кездескен. Сол кезде тәжіктер 7:1 есебімен жеңген. Осыдан-ақ олардың балалар мен жасөспірімдер футболына қалай көңіл бөлініп жатқанын байқауға болады. 2019 жылы Тәжікстан балалар футболы Азия құрлығында үздік деп танылды. U-17 құрамасы 2018 жылы Азия чемпионатының финалына дейін жеткені бар. Сөйтіп, әлем біріншілігіне жолдама алған болатын.

Одан бөлек, Тәжікстанда бір емес, екі бірдей футбол каналы жұмыс істеп тұр. Бұл жағынан Қазақстаннан алда. Атап айтқанда, ТВ «Варзиш» пен ТВ «Футбол» деген каналдары бар.

«Истиклол» деген командасы Азия чемпиондар лигасында жақсы ойнап жүр. Күзде Криштиану Роналду ойнайтын Әл Наср Душанбеге келіп кеткен еді.

Біздің Атырауда доп теуіп, кейін Донецкінің Шахтеріне ауысқан Хусрав Тоиров жаңа тәжік футболының жұлдыздарының бірі. Парвиз Умарбоев Болгария чемпионатында доп тебеді. Одан бөлек, Әзербайжан, Иран, Өзбекстан чемпионаттарында ойнайтын фуболшылары жетерлік.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика