Вернуться к списку статей

«Тобыл» мен «Астана» көш бастады

Футбол
4K

Ұлттық құраманың ойындарының алдында Қазақстан премьер-лигасының екінші тур ойындары өтті. Әзірге жарысты ұйымдастырудағы келеңсіздіктер толық шешілмей тұр. Трансляцияға да жанкүйерлердің өз реніші бар. Қазақ футболының бас ауыруы саналатын алаң мәселесі де өзекті. Сондықтан кейбір ойындар сүреңсіз өтті. Дегенмен, арасында іліп алуға тұрарлық матчтар да бар.

13115

«Тобыл» (Қостанай) – «Елімай» (Семей) – 4:2

Голдар: Тамб, 2 (0:1). Иванович, 26 (1:1). Шахов, 30 (2:1). Шина, 53-пенальтиден (2:2). Купер, 72 (3:2). Тапалов, 90+1 (4:2).

Алаңнан қуылды: Шараванья, 62.

Мысалы, Қостанайдың «Тобылы» мен Семейдің «Елімай» клубы арасындағы ойынды осы қатарға жатқызған дұрыс шығар. Жанкүйерлер алты голға куә болды. Қарсылас команданың қақпашысы Мирослав Лобанцевтің кемі екі голға кінәсі бар. «Қызылжар» сапында тәуір ойын көрсетіп, былтыр «Ақтөбеде» қосалқы құрамда отырып қалған қақпашыны бабында дей алмаймыз.

Матч 4:2 есебімен аяқталды. «Тобылдың» оң қапталдағы қорғаушысы Еркін Тапалов осы турдың ең бір әдемі голын салып, матчтың үздігі атанды.

13113

«Атырау» (Атырау) – «Ордабасы» (Шымкент) – 1:1

Голдар: Керімжанов, 66-автогол (0:1). Қалдыбеков, 90+5 (1:1).

Былтырғы чемпион «Ордабасы» Атырауға қонаққа барған. Матчтың басында өзбекстандық легионер Шахбоз Умаров жарақат алып қалды. «Ордабасы» бапкері Александр Седнев өзбек футболшысының орны үңірейіп қалды, оның орнын лайықты басатын футболшы жоқ деп санайды.

Матчтағы есеп 66-минутта ашылды. «Атырау» қорғаушысы Олжас Керімжанов автогол соғып алды. Шымкенттіктер осы есепті біразға дейін ұстап тұрды. Бірақ алаң иелері мінез танытып, жиі-жиі шабуыл ұйымдастыра бастады. Ол еңбектері еш кеткен жоқ. «Тараз» футболының түлегі Ерсұлтан Қалдыбеков 95-минутта шалқалап теуіп, есепті теңестірді.

Айта кетейік, жас футболшы Қазақстан футболындағы үздік сұрмергендердің бірі Нұркен Мәзбаевтың ағасының баласы.

Ең қызығы, осы матчта «Ордабасы» бір доппен алда тұрса да, орталық алаңдағы Евгений Макаренко, Асхат Тағыберген сияқты ойынды жүргізетін футболшыларды алып тастады. Осыдан кейін қарасыластың гол соғуына мүмкіндік беріп қойды.

«Қайсар» (Қызылорда) – «Қызылжар» (Петропавл) – 0:3

Голдар: Березкин, 15 (0:1). Цмилянич, 61 (0:2). Березкин, 80 (0:3).

Алаңнан қуылды: Нәрзілдаев, 53.

Премьер-лигада өз алаңында екі ойын өткізіп, екеуінде ұтылған жалғыз «Қайсар» болып тұр. Бұл жолы олар «Қызылжардың» мықтылығын мойындады. Евгений Березкин дубль жасаса, бір голды Борис Цмилянич өз атына жазды. «Жығылғанға жұдырық» Думан Нәрзілдаев та осы матчта командасын қиын жағдайға қалдырып кетті.

Екі матчта алты гол жіберген Виктор Кумыков шәкірттеріне ұлттық құраманың ойындарына байланысты үзіліс жақсы жағынан көмектеседі деп сенеміз. Кеткен қателік бойынша жұмыс істеп, еңселерін тіктеуге берілген мүмкіндік.

«Жетісу» (Талдықорған) – «Астана» (Астана) – 0:2

Голдар: Вороговский, 87 (0:1). Астанов, 90+3- пенальтиден (0:2).

Елорданың «Астана» клубы Алматыда ойнап жүрсе де, алдарына үлкен мақсат қойып отыр. Команда араға бір жыл салып, қайта чемпион болғысы келеді. Әзірге екі турда қақпасына гол жібермеген жалғыз команда. Негізі бұл статистиканы «Жетісу» бұза жаздаған. Бірақ Антон Шрамченконың голын төреші есепке алмады. Өйткені шабуылды бастаған Серікжан Мұжықовтың қолына доп тиіп кеткен. Бұл жерде реферидің шешіміне келісуге болады.

Есесіне, «Жетісу» қақпасына белгіленген пенальти сәл күмәнді. Францз Фабиен Уреганы Ескендір Қыбырай құлатқанға ұқсамайды.

Қалай десек те, Григорий Бабаян шәкірттері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Қайрат Нұрдәулетов жаңа командасындағы дебют сәтсіз басталды. Басы қатты болғанымен, арты тәтті болады деп үміттенеміз.

Бұл ойын Алматыдағы «Жас қыран» стадионында өткен. Григорий Бабаян алаңның сапасын катастрофа деп бағалапты...

13112

«Жеңіс» (Астана) – «Шахтер» (Қарағанды) – 1:0

Гол: Манай, 45 (1:0).

«Жеңіс» пен «Шахтер» ойнайды деген хабарландыруды осыдан 20 жыл бұрын көрсе, көпшілік сөзсіз елең ететін еді. Қазір екеуінің ойыны аутсайдерлер арасындағы тартыс ғана болып тұр. Алғашқысы премьер-лигаға ұзақ үзілістен оралса, «кеншілердің» биылғы шама-шарқы бірінші лиганың деңгейі екені жасырын емес.

Павлодардағы ойында Арби Манайдың соққан жалғыз годы «Жеңіске» жеңіс әкелді. Ал «Шахтер» соңғы орында қалды.

«Тұран» (Түркістан) – «Қайрат» (Алматы) – 0:0

«Қайрат» екінші турда Шымкентке қонаққа барған. Бірақ ел чемпиондарымен емес, Түркістанның «Тұранымен» кездесті. Ойын іш пыстыратын деңгейде өтті. «Қайрат» бапкері Кирилл Кеккер матчтан кейін гол соғылмауының себебін алаңның сапасының төмендігімен байланысты.

Әзірге алматылық ұжым өз ойынын таба алмай жатыр. Бәлкім, үзілістің пайдасы тиіп қалар.

Екінші турдың статистикасы:

2-ші турда 175 (отандық 78 футболшы жасыл алаңға шықты) футболшы өнер көрсетті.

— Жалпы 2 тур қорытындысы бойынша қарсылас қақпасына ең көп тура соққы жасаған ТОП-3 клуб:

«Астана» — 20 (4 гол)

«Тобыл» — 16 (6 гол)

«Ордабасы» — 15 (6 гол)

Алты ойында 14 гол (2 пенальти) соғылды.

2-ші тур қорытындысы бойынша 2 қызыл қағаз, 30 сары қағаз көрсетілді.

Отандық футболшыларды ең көп негізгі құрамда алаңға шығарған клуб — «Қайсар» (7 ойыншы)

Отандық футболшыларды ең аз негізгі құрамда алаңға шығарған клуб — «Тұран» (1 ойыншы)

Йосип Чондрич (Астана) — Премьер-лигада қақпасына доп жібермеген жалғыз қақпашы.

Турнир кестесі

Команда

О

Ж

Т

Ж

Д-а

Ұпай

1

«Тобыл»

2

2

0

0

6-2

6

2

«Астана»

2

2

0

0

4-0

6

3

«Ордабасы»

2

1

1

0

6-1

4

4

«Қайрат»

2

1

1

0

2-1

4

5

«Қызылжар»

2

1

0

1

4-2

3

6

«Ақтөбе»

1

1

0

0

3-1

3

7

«Жеңіс»

2

1

0

1

1-2

3

8

«Атырау»

2

0

2

0

1-1

2

9

«Елімай»

2

0

1

1

2-4

1

10

«Тұран»

2

0

1

1

0-2

1

11

«Жетісу»

1

0

0

1

0-2

0

12

«Қайсар»

2

0

0

2

1-6

0

13

«Шахтер»

2

0

0

2

0-6

0


Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика