Вернуться к списку статей

Премьер-лиганың жаңа маусымы басталды

Футбол
5K

Биыл атауын, логотипін жаңартқан футболан QFL премьер-лигасының жаңа маусымы басталды. Бір өкініштісі, соңғы сәтте «Ақсу» қатысудан бас тартып, лиганы 13 команда ғана жалғастыратын болды. Наурыздан қарашаға дейін бар-жоғы 24 тур ойналады.

Енді көптен күткен чемпионаттың алғашқы турына тоқталсақ, лига астаналық дербимен басталды. Бірақ ойын Алматыда өтті. Бұл да бір парадокс. Өйтені елордада дәл қазір матч өткізетін стадион жоқ. Сөйтіп, премьер-лигаға қосылған «Жеңіс» пен еліміздің 7 дүркін чемпионы «Астана» Алматыдағы университеттің стадионында кездесті.

Бұл матчта Григорий Бабаянның футболшылары «Жеңісті» 2:0 есебімен жеңді.

«Астана» сапынан Усман Камара 24-ші минутта жаңа маусымның алғашқы голын соқты. Ал 62-минутта Эльхан Астанов есепті еселеді.

«Астана» (Астана) – «Жеңіс» (Астана) – 2:0

Голдар: Усман Камара, 19 1:0). Эльхан Астанов, 62 (2:0).

«Астана»: Йосип Чондрич (Қ), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Алекса Аманович, Джианнис Масоурас, Барнс Осей (Абзал Бейсебеков, 68), Макс Эбонг, Усман Камара, Фабьян Урега (Нұралы Жақсылық, 84), Марин Томасов (К) (Рамазан Кәрімов, 75), Эльхан Астанов;

«Жеңіс»: Никита Калмыков (Қ), Матия Ром, Кристиан Новак, Марин Беланчич, Зураб Тевзадзе, Василиос Карагунис, Сергей Волков, Ираклий Бидзинашвили, Ғалымжан Кенжебек, Ильяса Зульфиу, Арб Манай;

Бас төреші: Денис Измайлов (Талдықорған),

Қызылорда қаласында өткен «Қайсар» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесуде қонақтар алаң иелерінің қақпасына 3 гол соқты.

«Қайсар» өткен маусымның қола жүлдегері «Ақтөбеге» 1:3 есебімен жол берді. Қарсылас сапынан Идрис Умаев чемпионаттағы алғашқы дубль авторы атанып, бір нәтижелі пас шығарды.

«Қайсар» командасынан Тоқтар Жаңғылышбай ойынның нүктесін қойды.

«Қайсар» (Қызылорда) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) – 1:3

Голдар: Идрис Умаев, 24 (0:1). Максим Самородов, 55 (0:2). Идрис Умаев, 64 (0:3). Тоқтар Жаңғылышбай (1:3).

«Қайсар»: Степан Сикач (Қ), Руслан Юденков, Виталий Приндета, Әділет Кеңесбек, Василий Совпель, Қуаныш Қалмұратов, Дмитрий Бородин, Руслан Сахалбаев (К) (Думан Нәрзілдаев 68), Ерсұлтан Төреқұл (Шохназар Норбеков, 80), Бақдәулет Зульфықаров (Айбар Жақсылыков, 68), Өркен Махан (Тоқтар Жаңғылышбай, 80);

«Ақтөбе»: Игорь Шацкий (Қ), Әділхан Таңжарықов, Богдан Вэтэжелу, Габи Кики, Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров, Леонель Струмия (К), Уче Агбо (Хосе Севальос, 77), Рамазан Оразов (Мирас Оманиязов, 89),Максим Самородов (Жан Жайро, 78), Идрис Умаев (Дмитрий Бессмертный, 89);

Бас төреші: Артем Кучин (Қарағанды).

13093

Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымындағы алғашқы турда Алматының «Қайраты» өз алаңында Петропавлдан келген «Қызылжардан» басым түсті.

Былтыр төртінші және бесінші орын алған командалар биыл сол жетістігін жақсартуға күш салады. Сондықтан жанкүйерлер бұл кездесуден тарысты ойын күтті.

Бірінші таймның соңғы жағында қонақ команданың қорғаушылары қателесіп, Жоао Пауло есеп ашты.

Үзілістен кейін Тимур Мульдинов таразы басын теңестірген. Дегенмен, Әли Әлиевтің қуанышы ұзаққа созылған жоқ. «Қайраттың» мақтаулы жаңа трансфері Гиорги Зариа 71-минутта жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп – 2:1.

«Қайрат» (Алматы) – «Қызылжар» (Петропавл) – 2:1

Голдар: Жоао Пауло, 42 (1:0). Тимур Мульдинов, 63 (1:1). Гиорги Зария, 71 (2:1).

«Қайрат»: Данил Устименко (Қ), (К), Иброхимхалил Юлдошев, Лука Гадрани, Офри Арад, Александр Широбоков, Александр Мрынский (Егор Ткаченко, 70), Әділет Садыбеков, Гиорги Зария, Дмитрий Сергеев, Жоао Пауло, Элдер Сантана;

«Қызылжар»: Джурахон Бабаханов (Қ), Зоран Нижич, Брайан Ван Дер Богарт, Владислав Сорокинс, Ардақ Сәулет, Рафаэль Сабино, Евгений Березкин, Шоқан Абзалов, Лука Имнадзе, Тимур Мульдинов, Борис Смилянич (Ираклий Бугридзе, 86);

Бас төреші:Александр Затула (Өскемен).

13089

Павлодарда премьер-лиганың тағы бір дебютанты «Елімай» мен «Атырау» жолықты.

Бұл ойында есеп ашылған жоқ. Екі команда тең нәтижеге қанағат білдірді. «Елімай» бапкері Андрей Карпович кездесуден кейін жеңіске жете алмағандарына өкініш білдірді.

«Елімай» келесі турда Қостанайдың «Тобылымен» кездеседі.

«Елімай» (Семей) – «Атырау» (Атырау) – 0:0

«Елімай»: Мирослав Лобанцев (Қ), Дмитрий Шомко (К), Дмитрий Яшин, Иван Шараванья, Николай Золотов, Никита Корзун, Давид Майком, Квентин Корнетт (Жан-Әли Пайруз, 81), Рожерио Шина, Роберт Тамб (Иван Свиридов, 58), Роман Мұртазаев (Еркебұлан Нұрғалиев, 62);

«Атырау»: Егор Хаткевич (Қ), Сослан Такулов (Никита Степанов, 71), Әділбек Жұмаханов, Олжас Керімжанов (К), Геворг Наджарян, Александр Нойок, Наурызбек Жагоров, Якоб Новак (Ерсұлтан Қалдыбеков, 84), Аслан Әділ, Джоэль Каямба (Ринат Жұматов, 71), Николай Сигневич;

Бас төреші: Данияр Сахи (Қызылорда).

13088

Ел чемпионы «Ордабасы» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» аяған жоқ. Оқу-жаттығу жиындарына кеш аттанып, құрамын әзер жасақтаған «кеншілердің» биылғы шама-шарқын бағамдау қиындау.

Ал «Ордабасы» өткен жылғы атағын қорғауды көздейді. Сонымен қатар алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысады.

Кездесу барысында шымкенттік клуб жылдам гол соғып үлгерді. Ойынның 5-минутында Игорь Пластун есеп ашса, одан кейін Шахбоз Умаров 13, Жасурбек Яхшибоев 37-минутта есепті 3:0-ге жеткізді.

Екінші таймда Златан Сехович 60, Сергей Малый 68-минутта тағы екі гол соқты.

Осылайша «Ордабасы» қарсыласын 5:0 есебімен ірі есеппен жеңді.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Шахтер» (Қарағанды) – 5:0

Голдар: Игорь Пластун, 5 (1:0). Шохбоз Умаров, 13 (2:0). Жасур Яхшибоев, 37 (3:0). Златан Шехович, 60 (4:0). Сергей Малый, 68 (5:0).

«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (Қ), Златан Шехович, Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Игорь Пластун, Реджинальдо, Ловро Цвек (Максим Федин, 65), Асхат Тағыберген (К) (Самат Жарынбетов, 72), Евгений Макаренко, Шохбоз Умаров (Всеволод Садовский, 65), Жасур Яхшибоев (Артём Беседин, 46);

«Шахтёр»: Егор Цуприков (Қ), Егор Алишаускас, Филип Стаменкович (Хуан Аспирилья, 46), Антон Толордава Дмитрий Рыжук, Богдан Савкив, Роджер Каньяс, Алмас Төлебай, Абылайхан Назымханов, Шыңғыс Флюк (Дмитрий Бачек, 46), Айдос Тәттібаев (Имеда Ашортия ,46);

Бас төреші: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау).

13090

Қостанайдың «Тобылы» жақында Қазақстан суперкубогын жеңіп алды. Команда біраз тәжірибелі легионерлермен толықты. Команда жаңа маусымда алдыға үлкен мақсаттар қойып отыр. Сондықтан әрбір ұпай маңызды. Бірінші турда олар Түркістанның «Тұран» командасын жеңді.

Есепті 39-минутта марокколық Эль-Мессауди Ахмед ашты. Үзілістен кейін Дэвид Хененойынның нүктесін қойды.

«Тобыл» (Қостанай) – «Тұран» (Түркістан) – 2:0

Голдар: Ахмед Эль-Мессауди, 39 (1:0). Дэвид Хенен, 62 (2:0).

«Тобыл»: Стас Покатилов (Қ), Роман Асранкулов (К), Иван Миладинович, Папе-Альюне Ндиайе, Еркін Тапалов, Эссьен Эдедем, Ахмед Эль-Мессауди, Евгений Шаховғ Игор Иванович, Ислам Чесноков, Дэвид Хенен;

«Тұран»: Тимурбек Закиров (Қ), Бранислав Слука (Рифат Нурмугамет, 64), Марко Николич, Артем Дмитриев, Александр Соколенко, Никола Цуцкич, Феди Бен Чоуг (Леонардо Вака, 57), Санжар Сатанов, Павел Киреенко, Антонио Жаколиш, Артем Архипов;

Бас төреші: Рустам Омаров (Алматы).

13092

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика