Вернуться к списку статей

«Ордабасы» қарыздан құтылды, енді стадион салмақ

Футбол
153

Шымкенттің «Ордабасы» клубының үлкен көлемдегі қарызы бар екені белгілі болатын. Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі сол қарыз жабылғанын мәлім етті.

2022 жылы клуб директоры Бауыржан Әбдубаитов «Ордабасының» қарызы миллиард долларға жетті деген болатын.

«Клубтың қарызы бес миллиард теңгенің шамасында. Мұндай жағдай осыған дейін болмаған шығарды. Барлық қарызды толық жабу мүмкін емес. Қазір біз қарыздарды ақырындап жауып жатырмыз. Алайда мұны тез істей алмаймыз. Барлығы дұрыс болып, қарызды өтейміз деп ойлаймын», – деді Бауыржан Тойшыбекұлы.

Әкімдік 4,2 млрд теңге қарызды жаптық деп отыр.

«Күрделі мәселе әкім тапсырмасына сәйкес шешімін тапты. Қазіргі таңда клуб берешегі толықтай жабылып, УЕФА чемпиондар лигасына қатысатыны ескеріліп, жергілікті бюджет есебіненбиылғы жылға 4,3 млрд теңге қаржы бөлінді. «Ордабасы» клубы Еурокубок ойындарына қарызсыз қатысатын болады», - делінген хабарламада.

Қала әкімдігі өз тарапынан өзекті мәселелердің барлығын шешіп, міндеттемелерін толықтай орындады деп отыр. Алдағы уақытта қаражаттың тиімді жұмсалуына тікелей Клуб президенті Бауыржан Әбдубаитов жауапты.

12964

«Жуырда мемлекет басшысына қаланың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп беруім барысында мегаполиске заманауи стандартқа сай стадион қажеттілігін баяндаған болатынмын. Президентіміз биыл жаңа стадионның құрылысын бастау туралы нақты тапсырма берді. Биыл «Бозарық» елдімекенінде 35 мың орынға есептелген стадион құрылысын бастап, 2 жылда, яғни 2026 жылдың ортасына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. «Қажымұқан» стадионы туралы да көпшіліктің арасында әртүрлі алыпқашпа ақпараттар таралуда. Оның бәрі негізсіз. Бұл стадионды да реконструкциядан өткізіп, команданың қосалқы алаңына және жеңіл атлетикадан ұлттық команда жаттығатын орынға айналдыратын боламыз» – деді Ғабит Сыздықбеков.

12963

Клубтың осындай қарызға батуы экс-директоры Бақтияр Байсейітовтің тұсында болған. Қайрат Сатыбалды қайын атасы қазір қашып кеткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекетке 320 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірді деген күдікпен Байсейітовке іздеу жариялаған. Қазіргі уақытта Б. Байсейітов Қазақстаннан тыс жерде. Оның заңсыз әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланған және оған іздеу жарияланды.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика