Вернуться к списку статей

«Қызылжар» жаңа маусымда еурокубокқа қатысуды армандайды

Футбол
109

Солтүстік Қазақстан облысының «Қызылжар» командасы 2022 жылы Еуропа Конференция лигасына қатысқан еді. Алдағы маусымда команда тағы еурокубокка жолдама беретін орындардың біріне оралуды армандайды.

Негізі биылғы маусымда да жақын болған. Бірақ қыркүйек айындағы сәтсіздіктен кейін бесінші орынға дейін сырғып кетті. Клубтың бас бапкері Әли Әлиев жоспары туралы айтты.

Алдағы 2024 жылғы маусымға қандай мақсат қойып отырсыздар?

– Командалық мақсат жеке мүддеден жоғары. Біздің негізгі мақсат – маусым қорытындысы бойынша еурокубокқа оралу. 2023 жылғы чемпионат ол мүмкін екенін байқатты. Бізге сапалы сараптама жасап, жаңа маусымға барлық аспекті бойынша максималді кірісу қажет.

2024 жылғы премьер-лига туралы айтасыз?

– Бірінші лигадан қандай клубтар келіп қосылғанын көріп отырсыздар. Бәсекелестік арта түседі. Меніңше, клубтардың 50 пайызы 2024 жылы жүлделі орынға таласады. Арқаны кеңге салып, еркін ойнап шығатын матчтар болмайды. Мұның бәрі жанкүйерлердің қызығушылығын оятады. Бізге де жақсы жұмыс істеуге мотивация болары анық.

Алдағы оқу-жаттығу жиындарынан не күтесіз?

– Жаңа маусым алдындағы дайындық – ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл уақытта команданың ойын стилі мен моделі қалыптасады. Жігіттердің барлығынан қойылған талапты толығымен орындауды күтеміз. Кім талапқа сай келмейді, оның жолы бізбен бірге емес. Біз жеңіске аш болып кірісуіміз қажет.

Әлі күнге дейін 2023 жылғы маусымда жүлде алмағанымыз жаныма батады. Содан тыныштала алмай жүрмін.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика