Вернуться к списку статей

Бойжеткендер “Кубань көктемі” додасында сынға түседі

Футбол
1K
19 жасқа дейінгі бойжеткендер арасындағы Қазақстан құрамасы Ресейдің Сочи қаласында өтетін «Кубань көктемі» халықаралық турниріне қатысады.

«Кубань көктемі» халықаралық турниріне қатысатын қыздарымыз 9 наурыздан бастап Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, аталған додаға дайындалады. Әзірлік жиыны 15 наурызда аяқталады.

Ресейдегі турнир 17-27 наурыз аралығында Сочи қаласында өтеді екен. Оған біздің қыздарымыз 10 наурыз күні сапар шегеді. Қазақстан U-19 құрамасының арулар «А» тобына түсіпті. Қарсыластары – Иран, Словения және Краснодар өлкесі бойжеткендері.

Ал «В» тобында Ресей, Румыния, Беларусь және Әзірбайжан қыздары бақ сынайды. Әр топтан бірінші және екінші орын алған командалар жартылай финалға шығады. Қалғандары 5-8 орындарды сарапқа салады.

Ойындар күнтізбесі:

18 наурыз: Қазақстан – Словения
20 наурыз: Қазақстан – Иран
22 наурыз: Қазақстан – Краснодар өлкесі
24 наурыз: Жартылай финалдық ойындар (5-8 орындар)
26 наурыз: Финалдық ойындар

Бұл жиынға және аталған халықаралық турнирге шақыртылған футболшы қыздар тізімі төмендегідей:

қақпашылар – Дана Алмасбай (Астана), Юлия Бессонова («Шахтер»), Елизавета Цыплакова (Павлодар);

қорғаушылар – Дана Сұлтанбекова (БЖСМ, «Оқжетпес»), Айша Садықова («БИІК»), Құндыз Қожахмет (ОБЖСМ, Ақтөбе), Александра Вербицкая («Шахтер»), Анастасия Горбачева (БЖСМ, «Қызылжар»);

жартылай қорғаушылар  Шынар Шарапиденова («Шахтер»), Дана Төлегенова (БЖСМ, Павлодар), Айнұр Қабылбаева («БИІК»), Айдана Жәутікова (ОБЖСМ, Ақтөбе), Камила Ақшалова («Шахтер»), Карина Әділханова (БЖСМ, Семей), Рано Ақбаева (ОБЖСМ, Ақтөбе), Валентина Садықова (БЖСМ, «Оқжетпес»), Наталья Гисс («Шахтер»), Анастасия Низамутдинова («БИІК»), Зарина Шмидт («Оқжетпес»), Екатерина Киселева (БЖСМ, «Қызылжар»);

шабуылшылар Аида Смағұлова («Астана»), Виктория Попкова («БИІК»).

Жаттықтырушылар: 

Петр Пак – аға жаттықтырушы,
Александра Рудикова – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Абдула Мерқұлов – қақпашылар жаттықтырушысы,
Гүлнұр Тоқтыбаева – дәрігер,
Анастасия Журавлева – менеджер.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика