Қазақстан чемпионы «БИІК-Қазығұрт» қыздары Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Францияның «Пари Сен-Жермен» клубымен кездесетін болды. Бірінші ойын 9 немесе 10 қараша күні түзде, ала қарымта матч 16/17 қарашада Шымкентте өтеді.
Жалпы, бүгінгі жеребе тарту рәсімінен кейін 1/8 финалында кездесетін командалар жұбы төмендегідей болып түзілді:
"Пари Сен-Жермен" (FRA) – "БИІК-Қазығұрт" (KAZ)
"Барселона" (ESP) – "Твенте" (NED)
"Славия" Прага (CZE) – "Русенгорд" (SWE)
"Манчестер Сити" (ENG) – "Брондбю" (DEN)
"Брешия" (ITA) – "Фортуна" Йорринг (DEN)
"Лион" (FRA) – "Цюрих" (SUI)
"Эскильстуна Юнайтед" (SWE) – "Вольфсбург" (GER)
"Бавария" (GER) – "Россиянка" (RUS)
Естеріңізге сала кетейік, "БИІК-Қазығұрт" әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/16 финалында Италияның азулы «Верона» клубын жолынан тайдырған болатын. Жалпы есеп – 4:2 (3:1 және 1:1).
Ал "Пари Сен-Жермен" Норвегияның ЛСК деп аталатын клубынан 5:4 есебімен басым түскен болатын. Түзде 1:3 есебімен ұтылып қалып, өз алаңында 4:1 есебімен есес қайтарған.