Вернуться к списку статей

Қыздар біріншілігінің 1-турын көшбасшылар бастайды

Футбол
1K
Ертең әйелдер арасындағы ел біріншілігі басталады. Елордамыздың «Астана-Арена» стадионында осы маусымның қос көшбасшысы «Астана» мен «БИІК-Қазығұрт» кездеседі.

Бұл Қазақстан біріншілігінің 1-туры аясындағы ойын болмақ. Елордадағы ойыннан бөлек, Алматыда «ЖСШОМ-Барыс» Ақтөбенің «№2 ОБЖСМ» командасын қабылдамақ.

Астанадағы ойын – жылдың ең маңызды матчтарының бірі. Чемпиондықтың тағдыры осы турда-ақ шешілуі де мүмкін. Бұлар бір-бірімен екі рет кездесіп те үлгерді. Шымкентте өткен ел кубогының аясында алдымен тең түссе, финалда тағы да жолығып, «БИІК-Қазығұрт» 3:1 есебімен басымдықтарын байқатқан.


– Осы ойынға барынша дайындалдық. Оның үстіне, биыл екі рет кездесіп, бір-бірімізді жақсы зерттеп алғанбыз. Шымкенттегі ойында жеңіліп қалдық. Енді қарымта қайтаруға тырысамыз. Жалпы, биыл біздің алдымызға ел біріншілігін жеңіп алу тапсырмасы қойылған. Сондықтан, ертеңгі кездесудің маңызы өте зор, - деді осы ойын туралы өз пікірін білдірген «Астана» қыздар командасының орталық қорғаушысы Ұлпан Пазыл.

Айта кетейік, бүгін командалар елорданың «Астана-Аренасында» өздерінің матч алдындағы соңғы жаттығуларын өткізіп, дайындықтарын пысықтады. Ал ойын ертең осы стадионда сағат 13:00-де басталады.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика