Соңғы команда бүгін түнде белгілі болды. Перу құрамасы Жаңа Зеландия футболшыларымен құрлықаралық жолдаманы сарапқа салып, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Әрі 36 жылдан кейін әлем чемпионатының финалдық додасына қатысу құқығына ие болды.
Бұған дейін Австралия құрамасы да құрлықаралық жолдама үшін додаға түсіп, Гондурас футболшыларын 3:1 есебімен тізе бүктірген болатын. Сөйтіп, «Жасыл құрлық» өкілдері төртінші рет қатарынан әлем чемпионатында бақ сынау құқығына ие болды. Жалпы, олар бүкіләлемдік біріншілікке бесінші рет қатысады.
Ал Еуропадағы соңғы төрт жолдаманы Швейцария, Хорватия, Швеция және Дания құрамалары жеңіп алды. Өздеріңіз білесіздер, соңғысы Қазақстан ұлттық құрамасымен «E» тобында бірге ойнаған болатын. Біздің футболшылар олардан түзде 1:4 есебімен, ал “үйде” 1:3 есебімен ұтылып қалған-ды.
Енді Еуропадағы «түйіспе» ойындардың нәтижелеріне көз жүгіртіңіздер:
Швейцария – Солтүстік Ирландия – 0:0 және 1:0
Хорватия – Грекия – 0:0 және 4:1
Швеция – Италия – 0:0 және 1:0
Дания – Ирландия – 5:1 және 0:0
Сонымен 2018 жылы 14 маусымнан 15 шілдеге дейін Ресейдің 11 қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын 32 құрама:
Еуропа – 14
Германия, Испания, Англия, Франция, Португалия, Сербия, Польша, Бельгия, Исландия, Швейцария, Хорватия, Швеция, Дания және Ресей (қожайын ретінде);
Оңтүстік Америка – 5
Бразилия, Уругвай, Аргентина, Колумбия, Перу;
Африка – 5
Нигерия, Египет, Марокко, Сенегал, Тунис
Азия – 5
Жапония, Иран, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Австралия.
Солтүстік және Орталық Америка – 3
Мексика, Коста-Рика, Панама.