Биыл «Астана» Чемпиондар лигасында, ал «Қайрат», «Ертіс» және «Ордабасы» клубтары Еуропа лигасында бақ сынаған болатын. Елорда клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өте алмағанымен, Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынау құқығына ие болды. Әрі жанкүйерлерді қуантып, қазақ футболы тарихында тұңғыш рет плей-офф сатысына шықты.
Еурокубок додаларының іріктеу сатыларында Қазақстан командалары 22 ойын өткізіп, 10 ойында жеңіске жетіп, бес мәрте тең түсіп, жеті матчта жеңілістің кермек дәмін татты (+10=5–7). Доп айырмасы – 32:27.
Сонда барлығы – 16 ұпай. Мұны төртке бөлеміз. Себебі, біздің елден Еурокубок додаларына төрт команда қатысты. Яғни, біздің қазіргі коэффициентіміз – 4,000.
УЕФА-ның Еурокубоктар рейтингісіндегі ұпайларымыз мұнымен шектелмейді деп үміттенеміз. Енді «Астана» Еуропа 1/16-финалында ел қоржынын толықтыра түседі деп сенеміз.
«Астана»:
«Спартак» (Юрмала) – 0:1 және 1:1 (1,5 ұпай)
«Легия» (Польша) – 3:1 және 0:1 (1 ұпай)
«Селтик» (Шотландия) – 0:5 және 4:3 (1 ұпай)
«Вильярреал» (Испания) – 1:3 және 2:3 (0 ұпай)
«Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) – 4:0 және 1:0 (4 ұпай)
«Славия» (Чехия) – 1:1 және 1:0 (3 ұпай)
Барлығы – 10,5
«Қайрат»:
«Атлантас» (Литва) – 6:0 және 2:1 (2 ұпай)
«Скендербеу» (Албания) – 1:1 және 0:2 (0,5 ұпай)
Барлығы – 2,5
«Ертіс»:
«Дунав» (Болгария) – 1:0 және 2:0 (2 ұпай)
«Црвена Звезда» (Сербия) – 1:1 және 0:2 (0,5 ұпай)
Барлығы – 2,5
«Ордабасы»:
«Широки Бриег» (Босния және Герцеговина) – 0:2 және 0:0 (0,5 ұпай)
Барлығы – 0,5