Вернуться к списку статей

Еурокубоктар рейтингісінде бір саты жоғары көтерілдік

Футбол
1K
Фото fca.kz сайтынан
Қазақстан UEFA-ның Еурокубоктар рейтингісінде 28-орынға орналасты. Биылғы Еуромаусым басында 29-орында болатынбыз.

Әзірше Қазақ елі UEFA-ның клубтық рейтингісінде 28-орында тұр. Келесі маусымға дейін төмен түспейді. Себебі бізден кейін орналасқан ешбір елдің клубы 2017/2018 жылдар маусымын одан әрі жалғастыра алмайды. Бәрінің де биыл үкілеп қосқан клубтары Еурокубок додасынан тыс қалған.

Есесіне, біздің елге жоғары өрлеуге болады. Бірақ өте қиын. «Астана» Еуропа лигасының 1/16-финалында «Спортинг» (Португалия) клубымен кездеседі. Ұпай алу оңай болмайды. Әйтсе де, үмітімізді үзбейміз. Бізден жоғары орналасқан Сербияның екі, Шотландияның бір клубы Еурокубок додасын одан әрі жалғастыратын болса, Беларусь елінің де еш клубы қалмады...

Қалғандарын осы маусымда қуып жету – қиындау. Жалпы, осы ретте айта кетерлігі, соңғы жылдары UEFA-ның Еурокубоктар рейтингісінде Қазақстан қоржынына ұпай салып жүрген – негізінен, «Астана». Қалған клубтарымыз алғашқы електерден өте алмай жүр. Біз алдаңы уақытта бұған да толығырақ тоқталатын боламыз.  

UEFA Еурокубоктар рейтингісі. Желтоқсан, 2017 жыл


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика