Вернуться к списку статей

Еурокубок – 2017/18. Қай елден қанша команда қалды...

Футбол
1K
Еурокубок – 2017/18. Қай елден қанша команда қалды?
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық турнирінен кейін еурокубокте 20 елдің 48 командасы ғана қалды. Олар кімдер, еуромаусымның көктемгі кезеңінде қай елден қанша команда қатысатыны туралы назарларыңызға статистикалық материал ұсынамыз.

Биыл еуромаусымға УЕФА-ға мүше 55 елдің барлығы қатысты. Оның ішінде Чемпиондар лигасында 79 команда бақ сынап, 32-і топтық кезеңге жолдама алса, Еуропа лигасына 190 команда тіркеліп, оның 48-і топтық турнирде ойнады. Соның ішінде көктемгі кезеңге жолдама алғаны екі турнирді қосқанда 48 команда. Оның 16-сы Чемпиондар лигасының 1/8-финалына қатысып, қалған 32-сі Еуропа лигасының кубогына таласады.

Чемпиондар лигасының 1/8-финалына жолдама алған 16 команда 9 елдің намысын қорғайды. Еуропа лигасының 1/16-финалына 18 елдің командасы жолдама алған. Оның ішінде Қазақстанның «Астанасы» да бар.

Енді Еуропаның клубтар рейтингінде бізден жоғары орналасқан елдердің жағдайына зер салып көрейік. Маусым басында Голландия мен Бельгия бәйгеге бес командадан қосқан екен. Біреуі де қалмады. Сондай-ақ, бізден жоғары Кипр, Израиль, Хорватия, Словения, Әзірбайжан, Норвегия, Беларусь пен Польшаның да командалары плей-оффқа өте алмаған.

Қай елден қанша команданың және олардың кімдер екенін төмендегі кестеден көруге болады.


Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика