Өздеріңіз білесіздер, «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңі аясындағы соңғы матчын Чехияда өткізіп, желтоқсанның 7-сінен 8-іне ауған түні «Славия» клубымен кездеседі. Бұл ойын Астана уақытымен түнгі сағат 00:00-де басталады.
«Астана» футбол клубының ресми сайты таратқан мәліметтерге сенсек, Станимир Стойловтың шәкірттері Чехияда қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын жүргізіп, жергілікті «Виктория» (Жижков) клубымен жолдастық кездесу өткізеді екен.
Осы оқу-жаттығу жиынына елорда командасы мына құрамда аттанған:
қақпашылар – Ненад Эрич, Абылайхан Дүйсен, Александр Мокин;
қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Марин Аничич, Игорь Шитов, Евгений Постников, Сергей Малый;
жартылай қорғаушылар – Серікжан Мұжықов, Асхат Тағыберген, Иван Маевский, Срджан Граховац, Ласло Кляйнхайслер, Марин Томасов, Бахтиер Зайнутдинов, Юрий Перцух;
шабуылшылар – Патрик Твумаси, Джуниор Кабананга, Роман Муртазаев және Джордже Деспотович.