Вернуться к списку статей

Еуропа лигасы – «Маккаби» мен Вильярреал» да тең түсті

Футбол
1K
«Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) – «Вильярреал» (Испания) – 0:0. Фото: maccabi-tlv.co.il
Еуропа лигасының «А» тобында екінші турдың ойындары аяқталды. Нетанияда «Маккаби» (Тель-Авив) пен «Вильярреал» да ұпай бөлісті.

«Астанамен» бір топта ойнайтын «Маккаби» мен «Вильярреал» Израиль клубының алаңында кездесіп, 0:0 есебімен тең түсті. Қонақтар сәл де болса, басымдық танытты, бір рет тіпті доп қақпа бағанасынан кері қайтты. Әйтсе де, гол соға алмады.

Енді «Астана» 19 қазан күні «Маккабиді» қабылдайды. «Ер кезегі – үшке дейін» дегендей, Қазақстан чемпионы осы матчта жеңіске жетеді деп үміттенеміз. Ал «Вильярреал» «Эстадио-де-ла-Керамика» стадионында «Славия» клубымен кездеседі.

Еуропа лигасы. «А» тобы, ІІ тур.

 «Астана» (Қазақстан) – «Славия» (Чехия) – 1:1 (1:1)

Голдар: Нгадеу-Нгаджуи, 18 (0:1). Томасов, 42 (1:1).

«Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) – «Вильярреал» (Испания) – 0:0

ІІ турдан кейінгі жағдай:

«Вильярреал» (Испания) – 4 ұпай (доп айырмасы: 3-1), «Славия» (Чехия) – 4 (2-1), «Астана» (Қазақстан) – 1 (2-4), «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) – 1 (0-1). 

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика