Вернуться к списку статей

Еуропа лигасы – «Астананың» келесі қарсыласы жеңіске жетті

Футбол
1K
«Вильярреал» (Испания) – «Астана» (Қазақстан) – 3:1. Фото: fca.kz
Еуропа лигасының «А» тобындағы екінші ойын да аяқталды. «Славия» өз алаңында «Маккаби» (Тель-Авив) клубынан басым түсті.

«Астанамен» бір топта ойнайтын «Славия» мен «Маккаби» Прагада кездескен болатын. Бұл ойын өте тартысты өтті. Қонақтар ойынның 64 пайызында допты өздерінде ұстағандарымен, алаң иелері жеңіске жетті. Жалғыз голды Томаш Нецид басымен соқты.

«Астана» келесі ойынын осы «Славия» клубымен өткізеді. 28 қыркүйек күні Чехия клубын Сарыарқа төсінде қабылдайды. Ал «Вильярреал» Тель-Авивке қонаққа барады. Яғни «Маккаби» мен Қазақстан чемпионының келесі турда еселерін қайтаруға болатын мүмкіндіктері бар.

Еуропа лигасы. «А» тобы, І тур.

«Вильярреал» (Испания) – «Астана» (Қазақстан) – 3:1 (1:0)
Голдар: Сансоне, 16 (1:0). Логвиненко, 68 (1:1). Бакамбю, 75 (2:1). Черышев, 77 (3:1).

«Славия» (Чехия) – «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) – 1:0 (1:0)
Гол: Нецид, 12.

Келесі ойындар. 28 қыркүйек, ІІ тур.

«Астана» (Қазақстан) – «Славия» (Чехия)
«Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) – «Вильярреал» (Испания)

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика