Вернуться к списку статей

«Астана» Варшаваға жол тартты

Футбол
1K
Бүгін 12:00-де «Астана» футбол клубының ойыншылары мен бапкерлері Варшаваға аттанды. Оларды бір топ жанкүйер шығарып салды.

Польша астанасында Қазақстан чемпионы «Легиямен» додаға түсіп, Чемпиондар лигасының үшінші сатысындағы қарымта кездесуін өткізеді.

«Астана» футбол клубының ресми сайты Варшаваға аттанып кеткен команда құрамын жариялады:

қақпашылар – Ненад Эрич, Александр Мокин, Абылайхан Дүйсен;

қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Марин Аничич, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Игорь Шитов, Берік Шайыхов, Сергей Малый;

жартылай қорғаушылар – Серікжан Мұжықов, Марин Томасов, Ласло Кляйнхайслер, Иван Маевский, Срджан Граховац, Асхат Тағыберген, Роман Муртазаев, Мәди Жақыпбаев;

шабуылшылар – Патрик Твумаси, Джуниор Кабананга.

Әуежайға елорда клубының жанкүйерлері келіп, «Астана» футбол клубына маңызды матч алдында сәттілік тілеп, игі тілектерін айтып шығарып салған. Біз де ел чемпионының жанашыр жанкүйерлеріне қосыламыз. Чемпиондар лигасында ел намысын қорғап жүрген жалғыз командамызға ақ жол тілейміз.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» мен «Легия» арасындағы бірінші ойын қазақ топырағында өтіп, Қазақстан чемпионы 3:1 есебімен жеңіске жеткен. Қарымта матч тамыздың 2-сінен 3-іне ауған түні Варшавада өтеді. Бұл ойын біздің уақытпен сағат 00:45-те басталады. «Kazsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика