Вернуться к списку статей

Қазақтар автокөлікті есекке тіркеп, найзамен сиыр аулап жүрген жоқ – Польша басылымы

Футбол
2K
Фото Польшаның weszlo.com порталынан алынды
Чемпиондар лигасының үшінші сатысындағы бірінші ойында «Легияның» «Астанадан» 1:3 есебімен ұтылғаны поляктардың шамбайына 0атты батқан сияқты...

Бұл ойын 25 шілде күні кешкісін өткен болатын. Алайда содан бері өзектері өртенген Польша басылымдары сабаларына түсе алар емес. Иә, «Легияның» бас бапкері мен ойыншылары «өз алаңымызда есе қайтарамыз» деп отыр. Бірақ оған Варшаваның өзінде күмән келтірушілер аз емес.

Мәселен, «Легияның» көпшілікке танымал ардагер шабуылшысы Войцех Ковальчик «Енді Польша чемпионының “Астанадан” өту мүмкіндігі – 20 пайыз ғана. Себебі, қазақтар Варшавада да гол соғады. Содан соң, кем дегенде үш гол соғу керек болады. Қалай? Жылдамдықтары төмен», – деп кесіп айтты.

Дәл қазір Польша мамандарының көбісі «Легия» өз алаңында “2:0 есебімен жеңуі керек” деген пікірде. Басқадай ойын нәтижелерін қарастырмайтындай да. Астанадағы ойындары көңілдерінен шықпады. Қазақ елі чемпионының қақпасына үш-төрт гол соға алмаймыз деп қауіптенетіндей.

Басқасы басқа, бірақ weszlo.com порталында жарияланған сараптамалық мақала көпшілікті елең еткізді.Оны біздің елдегі орыстілді басылымдар да ықшамдап, көшіріп басып жатыр. Бұл мақаланың басы өте әсерлі басталған. Қызбалық та жоқ емес...

Аталмыш басылым бұл мақаланы «Астана және Легия матчының құлақтандырмасында Қазақстанның “Борат” фильміндегі көріністерге мүлде сәйкес келмейтіндігін жазғанбыз», – деп аты шулы сайқымазақты тілге тиек ете отырып бастайды. Содан соң:

«Болды, біз осымен доғарамыз – қазақтар ағаш үйде тұрмайды, есектер мен ешкілерге тіркелген автокөліктермен жүрмейді, найзамен сиыр (буйвол) аулап жүрген жоқ. Бұл – мемлекеттің ақшасына спорттық инфрақұрылымдар салынып, қаржыландырып отырған, қарыштап дамып келе жатқан ел», – деп жазған.

Әрі қарай «Астананың» жасыл алаңға шыққан әрбір ойыншысы туралы жазып, олардың бұған дейін қай клубтарда ойнағандарын баяндаған. «Астана» ойыншыларының «Легия» футболшыларынан қымбат емес екендігін, ең бастысы, өте қымбатқа, яғни қыруар ашаға сатылып алынбағандықтарын тізіп шыққан. Өздерінің әр шептегі жұлдыздарымен салыстырып өткен.

Былтыр ғана «Реалмен» тең түсіп, сол жетістіктеріне әлі масаттанып жүрген мақтаулы клубтарының өткен маусымда Түркияның бірінші лигасында ойнап келген шабуылшыға ие бола алмай қалғандығын кекесінмен атап өткен...

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика