«Қайрат» Еуропа лигасының келесі сатысында Албанияның «Скендербеу» клубымен кездестін болды. Бұл клуб бірінші кезеңде Андорраның «Сан-Хулиа» командасын өз алаңында 1:0 есебімен ұтып, түзде 5:0 есебімен үстемдік танытты (жалпы есеп – 6:0).
«Қайрат» пен «Скендербеу» арасындағы бірінші матч 13 шілдеде Алматыда, ал қарымта кездесу 20 шілде күні Албанияда да өтеді.
«Црвена Звезда» болса, өз алаңында Мальтаның «Флориана» клубын 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, түзде 3:3 есебімен тең түсті (жалпы есеп – 6:3).
Ал «Ертіс» пен «Црвена Звезда» әуелі Павлодарда (13.07.17), содан соң Белградта (20.07.17) додаға түседі.
Еуропа лигасы. Бірінші електік кезең:
«Қайрат» – «Атлантас» (Клайпеда, Литва) – 6:0 және 2:1
«Ордабасы» – «Широки Бриег» (Босния және Герцеговина) – 0:2 және 0:0
«Ертіс» – «Дунав» (Русе, Болгария) – 1:0 және 2:0
Еуропа лигасы. Екінші електік кезең:
«Қайрат» – «Скендербеу» (Албания) – 13.07.17 және 20.07.17
«Ертіс» – «Црвена Звезда» (Сербия) – 13.07.17 және 20.07.17