«Астана» өз алаңында Швейцарияның «Янг Бойз» клубын қабылдап, 0:0 есебімен тең түсті. Бірнеше мүмкіндіктері болса да, гол соға аламай пұшапйман болды. Қонақтар да қарап қалмады. Қарсы шабуылдарымен Қазақстан чемпионының қорғанысын піспектеп, маза берген жоқ.
Осы топтағы екінші ойында «Олимпиакос» пен АПОЭЛ Пирей қаласында кездескен болатын. Мамандар әу бастан Грекия командасы «В» тобының көшбасшы болады деп болжаған еді. Алайда Кипр клубы қайсарлық танытып, қонақта жеңіске жетті.
Ойынның 10-минутында Сотириу басымен гол соғып, есеп ашты. Матч аяқталғанша «Олимпиакос» футболшылары қонақтарының қақпасын 21 рет нысанаға алса да, есепті теңестіре алмай діңкеледі. Сөйтіп, АПОЭЛ түзде жеңіске жетті.
Еуропа лигасы. «B» тобы
І тур:
Голдар: Максимович, 45+1 (0:1). Винисиус, 75 (1:1). де Камарго, 87 (2:1).
«Янг Бойз» – «Олимпиакос» – 0:1
Гол: Камбьяссо, 42.
ІІ тур:
«Олимпиакос» – АПОЭЛ – 0:1
Гол: Сотириу, 10.