Вернуться к списку статей

“Астана” Еуропа лигасында қай командамен кездеседі

Футбол
2K
Жеребе бүгін тартылады. Фото: uefa.com
Бүгін Ньонда Еурокубоктардың жеребесі тартылып, «Астана» клубының енді қандай командамен кездесетіндігі белгілі болады.

«Астана» енді Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтуге тырысады. Өкінішке қарай, Чемпиондар лигасының үшінші електік сатысында Шотландияның «Селтигінен» ұтылып қалып, аталған Еурокубок додасынан тыс қалған.

Әйтсе де, «Астанаға» енді Еуропа лигасында бақ сынауға мүмкіндік беріліп отыр. Бірақ Қазақстан чемпионы рейтингтік коэффициенті аса жоғары болмағандықтан, екінші қоржынға (себетке) түсті.

Бұл дегеніңіз, төртінші електегі қарсыласы азулы клубтардың бірі болуы мүмкін. Осы ретте айта кеткеніміз жөн болар, Әзірбайжанның «Карабах» деп аталатын клубы – бірінші себетте.

І қоржын:

"Шахтер" (Украина) – 81,976

"Олимпиакос" (Грекия) – 70,946

"Андерлехт" (Бельгия) – 54,000

АЗ Алкмаар (Нидерланды) – 43,612

"Фенербахче" (Түркия) – 40,920

"Спарта" (Чехия) – 40,585

ПАОК (Грекия) – 37,440

"Генк" (Бельгия) – 36,000

БАТЭ (Беларусь) – 34,000

"Сент-Этьен" (Франция) – 26,049

"Гент" (Бельгия) – 25,000

"Краснодар" (Ресей) – 24,216

"Рапид" (Австрия) – 23,520

"Слован" (Либерец, Чехия) – 22,085

"Марибор" (Словения) – 21,625

"Маккаби" (Тель-Авив, Израиль) – 20,225

"Аустрия" (Австрия) – 19,020

"Вест Хэм" (Англия) - 16,526

"Панатинаикос" (Грекия) – 14,940

"Мидтъюлланн" (Дания) – 14,720

"Сассуоло" (Италия) – 14,087

 "Карабах" (Әзірбайжан) – 13,475

«Астана» осы командалардың бірімен кездесіп, Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынау құқығын сарапқа салады. Қазақстан чемпионының қазіргі рейтингтік коэффициенті – 12,575.

Еуропа лигасының плей-офф сатысындағы ойындар 18 және 25 тамыз күндері өтеді.

P.S.:

Осыдан бірер минут бұрын УЕФА 44 команданы төрт топқа жіктеді. «Астана» 1-топқа түсті.

Бірінші қоржындағы командалар – "Олимпиакос" (Грекия), "Генк" (Бельгия), БАТЭ (Беларусь), "Рапид" (Австрия), "Мидтъюлланн" (Дания).

Яғни «Астананың» қарсыласы осы бесеуінің бірі болады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика