10 баллдық көрсеткіш бойынша ең жоғарғы бағаны 19 жастағы қорғаушысы Киран Тирни алыпты. Алаңға екінші таймның соңына таман қосылған Джеймс Форрест пен Том Рогичтің еншісіне небәрі үш баллдан ғана тиіпті.
«Селтик» футболшыларының рейтингі
Крейг Гордон – «Астана» есеп ашқан сәтте соның қателігі болды. Бірақ Нұрғалиевтің керемет соққысын қайтарды. Нұрғалиевтің тағы бір соққысына тосқауыл қойды. 6 балл.
Микаэль Лустиг – швед оң қапталдағы қорғаушының қызметін атқарды. Сондықтан, оған барлығына үлгеріп отыру үшін бүкіл тәжірибесі мен шеберлігін қосуға тура келді. 7 балл.
Оуэн О’Коннелл – тәжірибесіз ирландиялық ойыншы қарсыласына допты үстінен асырып алып кетуге мүмкіндік беріп қойды. Пастары адресаттарына жетпей жатты. Бірақ, жақсарған. 6 балл.
Эфе Амброуз – нигериялыққа өзінің бұрынғы қателіктерін жуып-шаюға мүмкіндік берілген. Бірақ оның тағы бір қателігі «Астананың» есеп ашуына әкеліп соқтырған бұрыштамаға ұласты. 5 балл.
Киран Тирни – сол қапталдағы қорғаушы Твумасидің қарқынды шабуылдарына тосқауыл болып, оны тұсап ұстады. 8 балл.
Скотт Браун – Капитан әріптестерін алға сүйреп, алғы шептегі жігіттерге қайрат беруге тырысып жатты. Бірақ бәрі де сәтсіз болды. Қиын жұмыс. 6 балл.
Стюарт Армстронг – Сол қапталдағы жартылай қорғаушының рөлін атқарған ол өз шебінде ештеңе істей алмады. Құр ұмтылыс. Бос далбалақтау. 5 балл.
Каллум Макрегор – Допты өзіне сақтауға тырысып, ойын тізгінін өз қолына алуға ұмтылды. Алайда, кездесудің басым бөлігінде ойыннан тым алшақтап жүрді. 5 балл.
Патрик Робертс – Шомконы қапы қалдырып, нәтижелі пас берді. Матч бойы өте белсенді болып, өзінің шеберлігін көрсете алды. Үнемі алға ұмтылды. 6 балл.
Ли Гриффитс – Көрінбей жүрді. Еш жерде белсенділігі байқалған жоқ. Алайда өзінің сиқырын керек жерде қосып, маңызды гол соқты. 7 балл.
Мусса Дембеле – Басқаларды да шығарып тұру үшін оны жиі алаңға қосуға мүмкіндік бола бермейді. Егер қатты қателік жібермегенінде жазадан қашып құтылар едік. 5 балл.
Нир Биттон – Екінші таймда алаңға шыққан израильдік жартылай қорғаушы ойынды күрт өзгертті. 4 балл.
Джеймс Форрест – Соңғы 20 минут. 3 балл.
Том Рогич – Допты өзімізде жиірек ұстап тұру үшін алаңға шығарылған футболшы. 3 балл.