Вернуться к списку статей

Еуропа лигасы: “Қайраттың” келесі кезеңдегі қарсыласы қарымды команда болады

Футбол
1K
Еуропа лигасының үшінші електік сатысысының да жеребесі жұма күні Ньонда тартылады.

УЕФА-ның ресми сайтында үшінші кезеңдегі жеребенің жалпы сұлбасы жарық көрді. Онда «Қайрат» – «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) жұбы бірінші себетте, ауызекі тілмен айтқанда деңгейі жоғары клубтар қоржынында тұр.

УЕФА сайтында жарияланған шартты түрдегі сұлбада Израиль командасының көрсеткіші есепке алынған. Осы ретте айта кетуге тиіспіз «Маккаби» (Тель-Авив) клубының УЕФА рейтингісіндегі коэффициенті – аса жоғары (20,225).

Ал Алматы клубының УЕФА рейтінгісіндегі коэффициенті – 4,825 ғана. Яғни «Маккаби» (Тель-Авив) – «Қайрат» жұбы Израиль клубының жоғары көрсеткішінің арқасында бірінші қоржында тұр.

Тағы бір көңіл аударарлығы, Еуропа лигасының үшінші електік сатысында екі қоржындағы командалардың бәрі бес топқа бөлінеді. Әр топтағы бірінші және екінші себеттердегі клубтардың саны бірдей болады. Содан соң барып жеребе тартылады.

«Қайрат» осы бес  топтың қайсысына түссе де, бірінші қоржында болады. Яғни қарсыласы «Маккабиден» азулы бола қоймас. Ал келесі кезеңдегі Алматы клубының қарсыласы бірінші топтағы азулы командалардың бірі болады. Мәселен – "Вест Хэм", "Алкмаар", "Спартак" (Мәскеу) және т.б.с.с.   

УЕФА сайтында жарияланған шартты түрдегі сұлба төмендегідей:

І-қоржын
"Алкмаар" (NED) – 43,612
"Генк" (BEL) – 36,000 немесе "Будучность" (MNE)
"Лилль" (FRA) – 29,549
"Сен-Этьен" (FRA) – 26,049
"Гент" (BEL) – 25,000
"Краснодар" (RUS) – 24,216
"Рапид" Вена (AUT) – 23,520
"Слован" Либерец (CZE) – 22,085
"Марибор" (SVN) – 21,625 немесе "Левски" (BUL)
"Маккаби" Тель-Авив" (ISR) – 20,225 немесе "Қайрат" (KAZ) 
"Спартак" Мәскеу (RUS) – 19,216
"Аустрия" (AUT) – 19,020 немесе "Кукес" (ALB)
"Партизан" (SRB) – 16,925 немесе "Заглембе" (POL)
"Вест Хэм" (ENG) – 16,256
"Герта" (GER) – 16,035
"Панатинаикос" (GRE) – 14,940
"Митьюлланд" (DEN) – 14,720 немесе "Вадуц" (LIE)
"Риека" (CRO) – 14,275
"Сассуоло" (ITA) – 14,087
"Риу Аве" (POR) – 13,616
"Ворскла" (UKR) – 11,976
"Маккаби" Хайфа (ISR) – 11,725 немесе "Нымме Калью" (EST)
ХИК (FIN) – 10,980 немесе "Берое" Стара-Загора (BUL)
"Хайдук" (CRO) – 10,775 немесе КСМС (ROU)
"Арука" (POR) – 10,616
"Аполлон" (CYP) – 10,435
"Млада-Болеслав" (CZE) – 10,085
"Динамо" Минск (BLR) – 10,000 немесе "Сент-Патрикс" (IRL)
"Омония" (CYP) – 9,935 немесе "Бейтар" Иерусалим (ISR)

ІІ-қоржын
"Грасcхопперс" – (SUI) 9,755 немесе "КР Рейкьявик" (ISL) 
"Нефтчи" (AZE) – 9,725 немесе "Шкендия" (MKD)
АЕК Ларнака (CYP) – 9,435 немесе "Клифтонвилл" (NIR)
"Александрия" – (UKR) 8,976
АИК (SWE) – 8,975 немесе "Европа" (GIB)
"Слован" Братислава (SVK) – 8,900 немесе "Елгава" (LVA)
"Люцерн" (SUI) – 8,775
"Видеотон" (HUN) 8,725 немесе "Чукарички" (SRB)
АЕК Афины (GRE) – 7,940
"Войводина" (SRB) – 7,925 немесе "Коннас-Ки" (WAL)
"Истанбул Башакшехир" (TUR) – 7,920
"Стремсгодсет" (NOR) – 7,850 немесе "Сендерюске" (DEN) 
"Шахтер" Солигорск (BLR) – 7,500 немесе "Домжале" (SVN)
"Спартак" Трнава (SVK) – 7,400 немесе "Ширак" (ARM)
"Брондбю" (DEN) – 7,220 немесе "Хиберниан" (SCO)
"Хераклес" (NED) – 7,112
"Пандурий" (ROU) – 7,076
"Османлыспор"* (TUR) – 6,920 немесе "Зимбру" (MDA) 
"Славия" Прага (CZE) – 6,585 немесе "Левадия" (EST)
"Дебрецен" (HUN) – 6,475 немесе "Торпедо" Жодино (BLR)
"Гетеборг" (SWE) – 6,475 немесе "Пяст" (POL) 
"Хартс" (SCO) – 6,460 немесе "Биркиркара" (MLT)
"Адмира-Ваккер" Медлинг" (AUT) – 6,020 немесе "Кяпаз" (AZE) 
"Венспилс" (LVA) – 6,075 немесе "Абердин" (SCO)
"Хэкен" (SWE) – 5,975 немесе "Корк Сити" (IRL)
"Янина" (GRE) – 5,940 немесе "Оддс" (NOR)
"Локомотива" Загреб (CRO) – 5,775 немесе РоПС (FIN)
"Габала" (AZE) – 5,225 немесе МТК (HUN)
"Вииторул" (ROU) – 5,076  

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика