Жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі аяқталып, финалдық кезеңіне төрт команда шыққан. Олар Еуролиганың жалғыз жолдамасын сарапқа салады. Қызық болғанда, финалға шыққан төрт ұжым – биыл Қазақстан премьер-лигасында 1-4 орындарға ие болған клубтарымыздың ізбасарлары.
Нақтырақ айтқанда, финалға «Астана», «Қайрат», «Ордабасы» және «Ертіс» клубтарының жас таланттары шықты. Олар – 2000 жылғы және одан кейін туған бозбалалармен жасақталған командалар. Осы төрт команданың іщінде топ жарғаны 2018/2019 жылдар маусымында жасөспірімдер арасындағы УЕФА лигасында ел намысын қорғайтын болады.
Кеше бірінші турдың ойындары өтті. Екі матчта тартысты өтіп, екеуінде де алты голдан соғылды. Екінші тур – ертең. Ал соңғы турдың ойындары дүйсенбі күні өтеді. Енді кешегі ойынның нәтижелерімен танысыңыздар:
«Ордабасы» – «Ертіс» – 4:2
Голдар: Жұмабаев, 4. Хаджиев, 18. Жұмабаев, 36. Колмонбетов, 72 – Нұржанов, 9. Қуанбай, 39.
«Астана» – «Қайрат» – 4:2
Голдар: Мәжит, 23. Сағынаев, 48. Прокопенко, 71. Прокопенко, 83 – Әлімжан, 26. Швырёв, 49.